» » Қызылордалық дәрігерлер қонақ үйге орналасты

Қызылордалық дәрігерлер қонақ үйге орналасты

Қызылордалық кәсіпкер коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді жекеменшік қонақүйіне орналастырды.

Осылайша, ол бүгінгі күннің батырларына деген құрметін көрсетті.
Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамақтары беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.

«Індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге және орта, кіші буын қызметкерлерінің барлығына қолайлы жағдай жасалған. Індетпен күресуге атсалысып жатқан медицина мамандарының барлығы ыстық тамақ, жатын орын, қажетті жеке бас гигиенасы заттарымен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін олар үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен қонақ үйге барып тұрақтайды», – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Жалпы қонақүйге коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам қызметкер орналастырылған.
Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді.
Тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.
12 сәуір 2020 ж. 389 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930