» » Қызылордада 16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

Қызылордада 16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

Қызылорда облысының әкімдігі коронавирустық инфекциямен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап, кәсіпорындар мен қоғам белсенділері қолдау көрсетуде.

Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры «COVID-19» пандемиясымен күресуші көп балалы 16 кіші буын қызметкеріне ноутбук табыстады.
Қауіпті індетке байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан қызылордалық дәрігерлер бірнеше апта бойы отбасыларынан тысқары жүр. Осыған орай, Сыр өңірінің барша медицина қызметкерлері қиын сәтте қолдау көрсеткен Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қорына алғысын білдіреді.
Айта кетейік, Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбе қалаларының медицина мамандары да компьютер сыйға тартқан.
23 сәуір 2020 ж. 501 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930