ЫНТЫМАҚТЫ ӨҢІРДІҢ ЫРЫСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Облыс басшысының ауданымызға сапары Еңбек ауылынан басталды. Батыс пен шығысты байланыстырған үлкен жолдың бойынан не бары 10 шақырымдық қана қашықтықта орналасқан Еңбек ауылы бүгінде жұрт қызыға қарайтын мекенге айналған. Ауыл демесең, құдды бір кентке кіріп кеткендей әсер аласың. Елді мекенге кіре беріс көше жөнделіп, түнде самаладай жарқырап тұратын жарық шамдар орнатылған. Ауыл орталығы, тіпті керемет! Жаңадан салынған маркет пен заманауи үлгіде бой тіктеген мейрамхананы көргенде өзіңізге “шынымен ауылда жүрмін бе, әлде қала орталығында тұрмын ба?” деп сұрақ қоюыңыз әбден мүмкін.
Көшесі түзу, жолы тегіс шағын ғана ауылдың берекесі артқан бүгінде. Мұны ауыл әкімі Қайролла Қалданов осы елді мекендегі шаруа қожалықтың жыл санап өркендеп келе жатқанымен байланыстырады. Бұл ауылдағы шаруа қожалық “Еңбек Жер” деп аталады. Ал оны еңбегім елге болсын дейтін Шакизатхан Ысқақовтай азамат басқарады. Іскер жігіт ауылдағы шаруашылықты басқарғалы Еңбектегі жұрттың әлеуеті артқан. Ол осы ауылдың еңсесін тіктеуді елді мекендегі мешітке қолғабыс етуден бастаған. Онан соң балаларға арнап ойын алаңын салдырды. Мұнымен қоса еңбекте үздік шыққандарды марапаттап, жыл сайын үй, автокөлік секілді бағалы сыйлықтарды тарту етеді.
Аймақ басшысына еңбекпен еңсе тіктеген ауылдағы осындай игіліктер көрсетілді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мархабай Балқанов Еңбектегі жұрттың жағдайы жылдан-жылға түзеліп келе жатқанын жеткізді.
Облыс әкімі Еңбектен соң Мәдениет ауылына табан тіреді. Аудандағы тіректі елдімекеннің бірі саналатын Мәдениетте де ауыз толтырып айтарлық жұмыс баршылық. Бұл елді мекендегі клуб та, балабақша да, спорт мектебі де жаңадан бой көтерген. Заманауи үлгіде салынған әлеуметтік нысанның қайсысы болса да алыстан мен мұндалап тұр.
Облыс басшысы Мәдениеттегі спорт кешенінің жұмысымен танысты. Шынын айту керек, бұл ауылдағы спорт мектебінде жаттығатын оғландар түрлі жарыстарға қатысып, жеңімпаз болуда. Бұл мектеп елге белгілі спортшы Садық Мұстафаевтың бастамасымен 2009 жылы ашылған. Елде төтенше жағдай енгізілгенге дейін мұндағы мамандар 9 ауылдың балаларын салауатты өмір салтына баулыған. Дәлірек айтатын болсақ, 522 оқушы тәлім алуда. Мұнда бокс, дзюдо, таеквондо, қарақ күресі, еркін күрес, волейбол, гандбол секілді спорттың 7 түрін үйретеді.
Мұнан соң аймақ басшысына Мақпалкөл ауылдық округіндегі “Құрманбай ата” шаруа қожалығының алма бағы көрсетілді.
Жалағашта өміршең жобалар кезең-кезеңімен сәтті жүзеге асуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлік алға жылжып, ауылдарда төрт түліктің басы көбейіп келеді. Енді тұрғындар жылыжай мен алма бақ шаруашылығын қолға алып, жергілікті өнім көлемін арттыруды көздеп отыр.
Сөзімізге дәлел ретінде “Құрманбай ата” шаруа қожалығының алма бағын атап өтуге болады. Мұндағы мамандар жаңа технологияға ден қойып, егілген алма көшеттерін тамшылатып суару әдісімен өсіруді қолған. Жалпы 5 гектар жерге “Гала М-6”, “Гала М-9”, “Голден”, “Грени смит” “Фуджи” сұрыпты алманың 12 мыңнан аса түбі отырғызылған. Бұл туралы аталған шаруа қожалықтың төрағасы Еркін Бекжанов мәлімдеді.
Ат шаптырым алқапты алып жатқан баққа тамсанбай қарау мүмкін емес. Бір сызықтың бойымен түп-түзу етіп егілген алма ағаштары алыстан-ақ өзіне шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Мен мұндалаған алма бағының ішіне кіргенде мұндағы бағбандардың тынымсыз жұмыс істеп жатқанын көресің. Еткен еңбек нәтижесін берер күн де жақын. Кісі бойынан биіктей бастаған алма ағаштары талайды тамсандырып-ақ тұр.
Облыс әкімі Мақпалкөлдегі алма бақ жұмысымен танысқаннан кейін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауылдағы білім ошағына барды. Мұнда құрылысшылармен кездесіп, барынша сапаға мән беру қажеттігін назарға салды.
Айта кетейік, бұл ауылдағы мектептің ғимаратына қатысты мәселе осыған дейін бірнеше рет айтылған болатын. Елді мекендегі білім ошағына 1987 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл қазынадан қаражат қаралып, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасалмақ. Қазіргі таңда мектептің күрделі жөндеуіне қатысты құрылыс жұмыстары басталып кетті. Көне нысанның ескі шатырлары түсіріліп, ішкі жұмыстар да қарқынды жүріп жатыр.
Ауылдық елді мекенге аймақ басшысының іс-сапары барысында ауыл әкімі Бауыржан Тұңғышбаев Гүлшара Наушақызына елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Сондай-ақ ол осыған дейін жол сапасын жақсарту мақсатында ауылда бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізіп, биыл қолға алынатын жобаларды да тілге тиек етті. Мақпалкөлден кейін облыс әкімі Таң ауылана қарай ат басын бұрды.
Жалпы Таң ауылында көпке үлгі боларлық жұмыс жеткілікті. Бұрнағы жылы күріш ақтайтын цехті іске қосқан елді мекенде көркейту жұмыстары да қолға алынғаны көрініп тұр. Бұдан бөлек спорт кешені мен ет бумалау, консервілеу цехының пайдаланылуға берілген болатын.
Облыс басшысына спорт кешенінің жұмысы таныстырылды. Өткен жылы пайдалануға берілген жаңа нысанның жалпы құны 56 млн теңгені құрайды. Елді мекен жастарын спортқа баулитын орталық жұмысы жайында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Жамалатов баяндады. Таңдағы жекешлелік-әріптестік аясында салынған бұл нысан «Таң ЛТД» ЖШС-ның демеушілігімен бой көтерген болатын. Сыйымдылығы 100 адамды қамтитын жаңа ғимарат бүгінде халықтың игілігіне жұмыс жасап тұр. Мұнда қазіргі таңда екі үйірме жұмыс жасайды. Жаттықтырушылар дзюдо және таэквондо спорт түрлеріне ауыл жастарын машықтандыруда.
Жұмыстың жүйесін көргісі келетін адам Таңға келсе қателеспейді. Мұнда “Таң” LTD жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты “Дихан ата” аталатын күріш ақтайтын шағын зауыт бар. Тәулігіне 100 тонна күріш ақтауға қауқарлы зауытта 15 адам жұмыс істейді.
Таң елді мекеніндегі аймақ басшысының жұмыс сапары ауылдағы 90 орындық балабақшада жалғасын тапты. «Таң ЛТД» ЖШС-ның демеушілігімен халық игілігіне жараған нысан 90 балаға арналған. «Таң Бөбегі» балабақшасы осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген болатын. Ғимараттың қазіргі жұмысы жайында аймақ басшысына балабақша меңгерушісі Жәмила Сәдуова баяндады
Айта кетейік, аталған серіктестік төрағасы ауылды абаттандыруға соңғы жылдары қыруар қаржы жұмсады. Имамзада Шағыртаев Таңда қолға алынған әрбір жобаның елді мекен әлеуетін арттыруға үлкен көмек болғанын айтады. Бүгінгі облыс әкімімен кездесуде әлі де Таң ауылын абаттандыруда жарқын жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Мұнан кейін облыс әкімі аудан орталығына жол жүріп, “Агрохолдинг Қызылорда” ЖШС және “Серпін” аграрлы-индустриалды аймағында орналасқан “Өркен әлем” ЖШС жұмысымен танысты.
“Агрохолдинг Қызылорда” ЖШС жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын. Бұл мекеме тәулігіне 100 тонна күріш ақтауға қауқарлы.
Облыс әкімінің жұмыс сапары аграрлы-индустриалдық аймақта орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС арнайы киім тігу цехында жалғасты. Бұл кәсіпорын 2017 жылдан бері жұмыс істейді. 2017 жылы арнайы тапсырыспен 810 дана броньды кеудеше және 240 дана арнайы киімдер тігілген. 2018 жылы 1,4 млрд теңгенің тапсырысы орындалған. Кәсіпорында 24 адам жұмыс істейді. Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Цехтың бір жылда 7000 данаған дейін броньды кеудеше тігуге мүмкіндігі бар.
Осы күні аймақ басшысы жаңадан салынып жатқан 100 орындық аудандық аурухананың құрылысын көрді. Типтік жобадағы үш қабатты аурухана терапия, хирургия, реанимация, босану-гинекология, қан алу сияқты бірнеше бөлімді қамтиды. Мұнда шамамен 20 дәрігер, 60 медбике, 30 техникалық қызметкер еңбек етеді.
Аймақ басшысы халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында салынып жатқан жаңа аурухана уақытында ел игілігіне берілу керектігін атап өтті.
Аурухананы құрылыс саласындағы тәжірибелі компания – «Әбу-Сер» ЖШС салуда. Еңсе тіктеп үлгерген ғимарат құрылысы қарқынды жүруде.
Бұдан бөлек облыс басшысына ескі емхананы балабақша етіп, қайта құрылымдау жобасы мен әкімдіктің жаңа ғимараты таныстырылды. Жалағаштағы бірқатар өндіріс орындары мен атқарылған жұмыстарға қаныққан аймақ басшысы аудан әкімдігінде мәжіліс өткізді. Жиында Гүлшара Әбдіхалықова алдымен төтенше жағдай кезінде бұл өңірде тындырымды жұмыстардың жүзеге асқанын тілге тиек етті. Жиында аудан әкімі Асылбек Шәменов баяндама жасап, бүгінге дейін Жалағашта атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндама жасады. Сондай-ақ ол әлі де ауданда жарқын жобалардың қолға алынатынын жеткізді.
Жалпы Жалағашта соңғы жылдары кәсіпкерлік, білім, мәдениет сияқты бірқатар салаларда ілгерілеушілік бар. енді сол бастамалар аяқсыз қалмауы қажет. Аймақ басшысының да негізгі айтпағы – осы. Аудан әкімі жиында халықтың әлеуетін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарыла беретінін айтып, бірқатар сауалға жауап берді. Мәжіліс соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев пен халық қалаулысы Имамзада Шағыртаев аймақ басшысының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, аудан әлеуетін көтеруде жұмыла жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Жалағаштың әлеуметтік-экономикалық дамуын сөз еткен жиыннан соң облыс әкіміне орталық алаңдағы жөндеу жұмыстары мен «Nomad Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған күн электр станциясы көрсетілді.
Жалағаштағы қай саланы алсақ та алға қарай ұмтылған серпінді қадамдарды көруге болады. Білім мен мәдениет салаларында ауыз толтырып айтарлық жетістік жеткілікті. Бұл салалар облыста үздіктердің қатарында екенін назарға салсақ та болады. Спортта да жүйелі жұмыс бар. Соның бір айғағы ретінде ауданның он мыңнан астам тұрғыны спортпен шұғылданатынын атап өту керек. Бұл – салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың жемісі.
Денсаулық сақтау саласында да көрсетерлік нәтиже аз емес. Айта кетейік, 2015 жылы Жалағаш кентінде 250 келушіні қабылдайтын типтік жобадағы үш қабатты емхана ғимараты бой көтерген болатын. Ол заман талабына сай медициналық құрылғылармен жабдықталған. 36 мыңға жуық жергілікті халыққа, бұлардан бөлек, 4 ауылдық аурухана, 10 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік, 3 медициналық бекет қызмет көрсетеді.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар да қарқынды екенін айта кеткен жөн. Таңдағы ет өнімдерін консервілейтін цех пен Жалағаштағы қонақ үй сөзімізге дәлел бола алады. Бұдан бөлек, Мақпалкөлдегі алма бақ, Еңбектігі жылыжай, кент орталығынан ашылған қоғамдық монша сөзімізді қуаттай түседі. Сүйіншілейтін жаңалықтың тағы бірі – Жалағаш кентінің шығыс бөлігінен жаңартылған энергия көз¬дерін өндіру мақса¬тында салынған күн электр станциясы.
Тілге тиек еткен жобалардың барлығы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізері кәміл. Қазір Жалағаш бұрынғыдай емес, жыл санап өсіп-өркендеп келеді. Өңірде биыл да ел еңсесін тіктейтін жұмыстар жүреді. Басқасын айтпағанның өзінде кенттегі алты бірдей көше жөнделеді. Салынып жатқан жаңа типт егі аурухана бітсе, тұрғындардың қуанышы еселене түсері сөзсіз. Газдандыру жұмыстары аяқталса, Жалағаштың жұрты көгілдір отынның игілігін көреді.
Ауданда атқарылатын осындай жұмыстардан хабардар болған облыс әкімі Жалағаштай ынтымақты өңірдің ырысы артып келе жатқанын көрді.
Азиз БАТЫРБЕКОВ