» » ЖИЫРМАДАН АСТАМ ЖОБА ИЕСІНЕ ГРАНТ ҮЛЕСТІРІЛДІ

ЖИЫРМАДАН АСТАМ ЖОБА ИЕСІНЕ ГРАНТ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Жалағашта жұмыссыздықты болдырмау мақсатында және халықтың тұрмыстық сапасын арттыру негізінде мемлекеттік бағдарламалар қарқынды жүзеге асуда. Осыған дейін кәсіпке ден қойған азаматтардың 50-ге жуық жобасы қаржылай қолдау тапса, кеше тағы 20-дан астам шағын жоба қайтарымсыз грантпен қаржыландырылды.

Жоба иелерінің көбісі Жалағаш аграрлық аймақ болғандықтан мал шаруашылығына бағытталған. Бірі қазір бағасы күрт өскен уақ мал санын көбейтуді көздесе, енді бірі ірі қара мен жылқы шаруашылығын қолға алуға бел буып отыр. Комиссия мүшелері болашағы бар деген 20-дан астам жоба иесіне қайтарымсыз грант үлестіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, жаз мезгілінің басында бірнеше адамға қайтарымсыз грант үлестірілсе, шілденің басында тағы да қыруар жоба қаржылай қолдау тапты. Бүгін де кәсіпке бет бұрған талапшыл жандардың тауы шағылған жоқ. Жауапты мамандар алдағы уақытта кәсіпке ден қойған іскер жандардың жобасын қолдауға арналған мұндай шара әлі де жалғасын табатынын айтады.
 
22 шілде 2020 ж. 335 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930