ТАЛАП ЖЕҢІЛДЕГЕНІМЕН, ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҰМЫТПАУҒА ТИІСПІЗ
Қандай да бір қауіптің алдын алмаса, оның зардабы адам баласы үшін орасан зор болатынын тарих біздің есімізге ұдайы салып отырады. Бірақ біз құлағы қылтиып көрініп тұрған сол қауіп-қатердің өзіне “мені айналып өтеді” деген түсінікпен қараймыз әлі. әдетте санаға орныққан ондай түсінік бізді қамсыздыққа алып келеді. Осы салғырттықтың салдарынан бүтін бір ел қырылып, жер бетінен жоғалып кеткен деректер өкінішке орай адамзат тарихында көп кездеседі. Алайда ол да бізге әлі күнге сабақ болмай отыр.
Әлем дүрліккелі біршама уақыт болды. "Тәжтажал" аталып кеткен жұқпалы індет жарты әлемді шарлап үлгерді. Оған дейін көп мемлекет оған "саяси ойын" деп қарап, сенбеді. Коронавирус шілде айында өршіді. Ешкімінің көз жасына қарамады, зарына құлақ түрмеді, жусатып салды. Бұл айтпай келген емес, "айтып келген ажал" еді. Тіпті әлемді шулатып, айқайлап келді. Бірақ жер бетін жайпап келе жатқан осы індеттің барына, рас екеніне күмәнмен қарадық. Дүниедегі дүрбелеңді ақпарат көздері арқылы күнде көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп отырсақ та селт етпедік. Карантин шараларына пысқырып та қарамадық. Нәтижесінде жұқпалы індеттің құрбанына айналғандардың көрсеткіші екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандардың санына жетіп жығылды. Небары бір айдың ішінде. Әлеуметтік желілердің беті күңіреніп кетті. "Қазанама", "көңіл айтуларға" толды. Үкіметті кінәладық, медицина саласындағы мамандардың біліксіздігінен көрдік. Бірақ індеттің таралуына жол бергендерді түрін түстеп, дөп басып айта алмадық. Бір анығы: обалына не керек, үкімет қауіпті алдын ала ескертіп, дабыл қақты, еліміздің әрбір тұрғыны өз денсаулығына, өміріне аса жауапты екенін айтты. Сенбедік, иланбадық. Еліміз бойынша енгізілген карантин тәртібіне бағынбадық, сақтық шараларын сақтамадық. Нәтижесінде аузынан ажал бүріккен тәжтажал қозып, қаншама адам мезгілсіз ана дүниеге аттанып кетті. Еліміздегі эпидахуалды бақылау мүмкіндігі мемлекеттің қолынан шығып кетіп, жағдай шиеленіскен кезде тұрғындар жанұшырып өздері қам қылды. Осындайда елім деген азаматтар бірліктің, елдіктің үлгісін көрсетіп, сауапты іс жасады. Олардың ұйымдастыруымен шұғыл қаржы жиналып, шет елдерден өкпеге жасанды оттегі беретін аппараттар алынды. Аурухана бөлмесінде бір жұтым ауаға зар болып, жанталасқандардың бұл азаматтарға алғыстан басқа айтары жоқ. Осындай қиын кезеңде заңмен бекітілген шектеулерге бағынбай, түрлі көпшілік шаралар өткізіп, індеттің таралуына, өршуіне себепкер болып, қаншама адамның обалына қалғандардың жазасын кім береді?
Қазірде шүкір, індеттің беті қайтты. Еліміз бойынша енгізілген карантиндік шектеулер кезең-кезеңімен алына бастады. Шілде айында індет өршіген кезде тұрғылықты халықтың санына, карантин тәртібінің сақталуына және басқа да себептерге байланысты өңірлердегі эпидахуал да түрлі деңгейде болды. Сондықтан үкімет карантиндік шаралар қабылдаған кезде осы мәселені де ескерді. Қазір де мамандар осыны қатаң қаперде ұстау керектігін айтады. Бұл орайда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс бойынша шектеу шараларды, оның ішінде карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Қаулысы шығып, 17 тамыздан бастап аймақта карантиндік шектеулер алынды.
Бұл індет түбегейлі жойылып, қалыпты өмір басталды деген сөз емес. Тұрғындарға арқаны кеңге салатын кез әлі ерте. Әлі де сақтық шараларын қатаң сақтауға тиіспіз. Десе де, аймақ тұрғындары үшін тұрмыстық қарым-қатынас бұрынғыдан жеңілдетілді. Аймақтың Бас санитарының Қаулысы бойынша, банкет залдарының, сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы балалардың ойын алаңдарының, фудкордтар, кинотеатрлардың, барлық мәдениет нысандарының (театрлар, концерт залдары, мұражай және т.б), бассейндер мен жағажай, ашық аквапарктердің және діни нысандардың, барлар, түнгі, компьютерлік, интернет, бильярд клубтарының, букмекерлік, лото-мото-конторлардың, ауданаралық автобус, микроавтобус, жұмыс пойыздарын қоспағанда, қала маңындағы жолаушылар пойыздарының, жолаушылар пойыздарының құрамына жалпы вагондарды құруға, балалардың жазғы тынығу лагерінің, оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына, кальянды пайдалануға, спорттық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени шаралар мен конференциялар, семинарлар, көрмелер, банкеттер, үйлену тойы, мерей той, еске алу және басқа да осындай адам көп жиналатын оның ішінде тұрғылықты мекен жайы бойынша өтетін шараларды өткізуге тиым салынады. Сауда-ойын-сауық орталығы, сауда нысандары (бутиктер), сауда желілері (сағат 09.00-21.00 аралығы), сұлулық салоны, шаштараз, СПА орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар (09.00-19.00 аралығы), меншік нысанына қарамастан балалар коррекция, балалар, ересектерге арналған білім беру орталығы (5 адамнан аспайтын топпен, алдын ала жазылумен), меншік нысанына қарамастан балабақшалардың кезекші топтары (15 баладан асырмай), ашық алаңдағы аттаракциондар (10.00-22.00 аралығы), қоғамдық монша, сауна (бассейнсіз, толтырылуын 50 пайыздан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. бөлу. 09.00-22.00 аралығы), фитнес орталықтарының (бассейнсіз), тренажер залдары, спорттық сауықтыру орталықтарының (1 адамға 5ш.м, толтырылуы 50 пайыз, алдын ала жазылумен. 09.20.00 аралығы), ашық алаңда жеке жаттығуларға (09.00-21.00 аралығы), әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ұлттық құрама, клуб, командаларына спорттық жаттығулар өткізуге (30 адамнан асырмай, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру), облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына (пик сағаты кезінде автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық тазарту, барлық есіктерді ашу, жолаушылар санын көліктегі орын санына сәйкес бөлу. 07.00-22.00 аралығы), қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары. 10.00-22.00 аралығы) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтап баруға, жабық азық-түлік немесе азық-түлік емес базарлардың қызметіне (1 адамға 4 ш.м. дейін, толтырылуын 30 пайыздан асырмай. 09.00-18.00 аралығы), қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне (ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын орындықтар орната отырып. 10.00-23.00 аралығы), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмысына (тек алдын ала Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау арқылы. 09.00-17.00 аралығы), қызметті барынша онлайн форматта көрсету негізінде "Қазпошта" АҚ-ның жұмысына (09.00-17.00 аралығы), ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектлерінің қызметіне, халыққа байланыссыз қызмет көрсету (көлік жуу, көлік, тұрмыстық техника жөндеу) нысандарының (10.00-20.00 аралығы) және барлық талаптарын сақтай отырып медициналық орталықтардың қызмет көрсетуіне рұқсат етіледі. Сонымен бірге бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары. 09.00-17.00 аралығы), халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласы, туризм нысандары мен ұйымдары (50 пайыз), такси қызметтері санитариялық-эпидемилогиялық, санитарлық-дезинфекциялық ережелерді сақтай отырып (3 ересек адамға дейін. 07.00-23.00 аралығы) қызмет көрсетуін жалғастырады.
Сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда нысандары, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, сұлулық салоны, шаштараз, СПА орталықтар, фитнес орталық, монша, сауна, балалар коррекция кабинеттері, балалар, ересектерге арналған білім беру орталығы, ашық алаңдағы атракциондар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен бірге мамандандырылған ХҚКО жұмысы тоқтатылады және 65 жастан асқан кісілердің сыртқа шығуы шектеледі.
Бұл жай ғана шектеу емес, бұл шектеулердің артында әрбіріміздің, тіпті халқымыздың тағдыры тұр. Бұл біздің күнделікті тұрмысымыз үшін емес, өміріміз үшін, отбасы мүшелерінің, жақындарымыздың амандығы үшін жасалып отырған амалсыз әрі тиімді қадам. Егер осы ережелерге бағынбай, еркінсіп кетер болсақ, шілдеде жіберген қателікті қайталаймыз және екінші мәрте қателік жіберудің өкініші өзекті өртеп, бармақ шайнататынын естен шығармағанымыз жөн.
Қуат АХЕТОВ