» » МАЛДЫ ЖАҚСЫ БАҚҚАНЫҢ – ӨЗІҢЕ АБЫРОЙ ТАПҚАНЫҢ

МАЛДЫ ЖАҚСЫ БАҚҚАНЫҢ – ӨЗІҢЕ АБЫРОЙ ТАПҚАНЫҢ

Мал шаруашылығы – отандық экономикаға тың серпін беретін елеулі күш. Соңғы жылдары бұл салаға жан бітіп, тамырына қан жүгірді. Әрине, ол – жазғы ыстыққа, қысқы суыққа қарамай, бейнетке белшесінен батып, мал баққан шаруалардың маңдай терінің нәтижесі. Бейнеттің зейнетін көру де ғанибет. Оның үстіне қазір елімізде мал шаруашылығын өркендетуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Әсіресе мемлекет тарапынан асыл тұқымдыны дамытуға басымдық берілген. «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша шаруашылығын дамытамын дегендерге қаржылай көмек те көрсетіліп жатыр.

Осы тұрғыдан алғанда жалағаштық мал өсірушілер жылқы, түйе, уақ мал, үй құстарын өсіруде айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп келеді. Ауданда осы кәсіпті 101 шаруашылық қолға алса, оның 88-і «Сыбаға» бағдарламасының игілігін көруде. Нәтижесінде асыл тұқымды ірі қара малының үлесі 2, жылқы 0,16, қой 24 пайызға өсті.
Үстіміздегі жылғы жоспарға сәйкес 265 бас импорттық мүйізді ірі қара және 5000 бас қой сатып алып, 1007 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 5755 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру жобаланған болатын. Бүгінде Мәдениет ауылынан «СМ Қайнар» фермерлік кооперативі 200 бас мүйізді ірі қара және 300 бас жылқы сатып алуға талап қылуда.
Ал Қаракеткен ауылынан «Жа­нель» шаруа қожалығы «Ауыл КТ» ЖШС арқылы 37,5 млн теңге несие алып, 700 бас қой малын және шаруа­шылыққа қажетті трактор сатып алып, шаруасын өрге бас­тыруда. Осындай игілікті істі жүзеге асыруда Жаңаталап ауылындағы «Махамедияров» жеке кәсіпкерлік шаруашылық 7 млн теңге көлемінде несие алып, 88 бас жергілікті қой және асыл тұқымды қошқар сатып алу жұмысымен айналысуда.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы да ауылдағы ағайынға шаруасын оңалтуға оңтайлы мүмкіндік беруде. Аталған бағдарлама көмегімен Аққыр ауылындағы «Қалдыбеков Ж» ШҚ 8 млн. теңге несие алып, жергілікті саулықтан 200 бас ет бағытындағы қазақтың ірі қылшық жүнді, құйрықты асыл тұқымды қошқарын сатып алып, мал басын көбейтпек.
Иә, мұның бәрі бастаған істің өркен жаюына мұрындық болады. Мемлекеттік қолдау ауылдың әлеуетін көтеруге зор мүмкіндік береді. «Елде болса, ерінге тиеді» деп бекер айтпаған. “Малды жаман баққаның – келген бақты қаққаның, малды жақсы баққаның – өзіңе абырой тапқаның” деген тәмсіл – иен далаға мал өсіріп, үйір-үйір жылқы, отар-отар қой бағып, содан береке мен байлыққа кенелген қазекеңнің сонау көшпенді кезеңнің қилы заманында айтылған төрелі сөзі, түйінді кеңесі. Міне, осы пайым мал өсірген ағайынның қаперінде жүрсе болғаны.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ
06 қазан 2020 ж. 403 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930