БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БІЛЕК СЫБАНА КІРІСКЕН

Ауыл іргесіндегі Мақпалкөлге күзгі егін науқанында шабақ жіберуді қолға алған азамат бүгінде қатқан мұзды ойып, қамыс жіберуде. Неге дейсіз ғой. Себебі қыстың көзі қырауда балықтар сірескен мұздық астында тұншығып қалады екен. Ал ондайда суда газ пайда болып, оттегі жетіспеушілігі туындайды. Салдарынан күзгі науқанда құтқарылған қаншама шабақ пен көлдегі басқа да балықтар шығынға ұшырайды мұның алдын алған Айдар Уәлиұлы бүгінде мәселенің алдын алуға тыңғылықты кірісіп кеткен.
– Өзіңіз айтқандай сыртынан қараған жанға кәсіптің кез келген түрі оңай сияқты. Алайда кәсіптің бұл түрінің де өзіндік қиыншылықтары бар. Соны еңсерген адам ғана балық шаруашылығында су маржандарымен кірісін еселей алады. Күн жылығанша үлкен шығынға батпау үшін осындай амалдарды қолғКүн жылығанша үлкен шығынға батпау үшін осындай амалдарды қолға алып жатырмыз, – дейді кәсіпкер.
Ерлан СОЗАҚБАЕВ