ШАРУАШЫЛЫҚ ШАРУАСЫН ШИРАТҚАН
Қыстың қамын жаз ойлайтын қазақпыз ғой, оқушы кезімізде ауылда жаз ортасынан ауа бере қорадағы малдың қыстық азығына кірісетін едік. Түске дейін 50 бау шөп ору – күнделікті межеміз. Егіннен хабарымыз болмаса да алқап басындағы дәннің шығымын сол жерде жүрген еңбек адамдарының көңіл-күйінен һәм қас-қабағынан аңғарамыз. Сол тұста егістік қоршауынан аса бере бірінші болып көзімізге Абдол ағамыз түсетін. “Әкең қалай бала?” деген сұрағына жауапты қысқа қайырып, қарсы сауал арқылы әрі қарай еңбеккердің сөзіне құлақ түремін. Одан әрі екеуара диалогтың қалай жалғасатыны белгілі ғой. Кешегі күзгі науқанда Есет батырға табан тіреп, шаруашылықтар жұмысын ақпараттандыру мақсатында “Қарабура” шаруа қожалығына аялдаған едік. Абдолла ағамыз тағы да алдымнан сол сауалымен шықпасы бар ма. Бала күнгі аз-маз ұмытылып қалған егіннің шығымы мен оны күтіп-баптауға қатысты ақпаратты жадыда қайта жаңғырту мақсатында мен де баяғы әдетіме бастым.
– Былтыр межелі өнімге қол жеткізген шаруашылықтың биыл да жұмысы ширай түсті. Мұның бәрі дала дарабоздарының еселі еңбегінің арқасы деп білемін. Біздің ұжым болып үлкен жетістікке қол жеткізуіміздің басты себебі, мұнда “сен механизаторсың, сен сушысың немесе сен күрішшісің” деген түсінік жоқ. Шаруаның бір жағы ақсап жатса, жұмыла сол олқылықтың алдын алуға күш саламыз. Мәселен, мен мұнда бас есепші болып жұмыс жасаймын. Алайда бұған дейін бірнеше жергілікті шаруашылықтың түрлі бағытында жиған тәжірибемді қазіргі буынмен бөліскім келеді. Мәселен, себілген дән еш кедергісіз бас алуы үшін оған қандай күтім қажет, соның бәрін жас күрішшілерге үйретемін. Мұндағы қажырлы мамандардың жиған тәжірибесін көппен бөлісуге бейім тұрғанынан болар, былтыр ғана ауылда өз жұмысын бастаған шаруашылықтың бүгінде шаруасы ширады, – дейді Абдолла Шалқымаев.
Кейіпкеріміз науқан қорытындысымен “Қарабураның” биыл да оң нәтижеге қол жеткізгенін айтады. Сөйлетсең, дән сеппес бұрын жердің өзіне қандай күтім қажеттігін жетік білетінін аңғара қоясың. Мәселен, жерді күріш орылғаннан кейін бір сүдігерлеген абзал көрінеді. Көктемгі науқанға дейін екі рет жыртылған жерде келер жылы отақ аз болады. Ал мұндай алқапта жаз бойы бапталған өнімнің шығымы, һәм сапасы да жоғары болатыны сіз бен бізге аян.
Әбекеңнің айтуынша, аталған шаруашылық жыл сайын еңбеккерлерге айлығынан бөлек қосымша сыйақы тағайындап жатыр екен. Былтыр ғана ауылда жұмысын бастаған жергілікті шаруашылық төрағасы Дастан Ержанов 2019 жылдың қорытынды науқанында бірнеше су жаңа темір тұлпар мен бірнеше миллион теңгені дала дарабоздарына үлестірген. Бас есепші биыл да игі шара өз жалғасын табатынын айтады. Сондай-ақ ол дәстүрлі шара еңбеккерлер жұмысының жақсаруына оң ықпалын тигізетінін жеткізді.
Абдолла Шалқымаевтың салада жеткен жетістігі мен алған марапатын тізе берсек, жазатын дүние көп. Бастысы ол мұндай атаққа емес, абыройға қызмет етті. Сөзінен ісі алда жүретін білікті маманның жастарға берер тағылымы мол. Өзі еңбек ететін шаруашылық жұмысы шираса, кейіпкеріміздің де көңілі тоқ.
Әбекең – ауыл шаруашылығы саласында 1994 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Оған ешкімнің дауы жоқ. Салада межелі табысқа қол жеткізіп, кәсібін басқа бағытқа іскер азаматтар талай ауыстырған. Мұндайда білікті кадр үшін жұмыс табу қиын болып па? Бір маусымнан келесі маусымға дейін Абдолла Шалқымаевты жергілікті шаруашылықтардың таласа жұмысқа шақыруы ол туралы жоғарыда айта кеткен мәліметтерді қуаттай түсері анық.
Тәжірибелі маман 30 жылға жуық уақытта аталған саланың түрлі бағытында табанды еңбек етті. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ол “Қарабура” шаруа қожалығында бас есепші болып жұмыс жасайды. Алайда “Бухгалтермін” деп бөлмесін ішінен жауып алған ол жоқ. Керісінше кешегі науқанда еңбеккерлермен етене жүріп, егіс басында жұмыс жасап жүр. “Мамандыққа – адалдық” деген осы шығар сірә. – Былтыр межелі өнімге қол жеткізген шаруашылықтың биыл да жұмысы ширай түсті. Мұның бәрі дала дарабоздарының еселі еңбегінің арқасы деп білемін. Біздің ұжым болып үлкен жетістікке қол жеткізуіміздің басты себебі, мұнда “сен механизаторсың, сен сушысың немесе сен күрішшісің” деген түсінік жоқ. Шаруаның бір жағы ақсап жатса, жұмыла сол олқылықтың алдын алуға күш саламыз. Мәселен, мен мұнда бас есепші болып жұмыс жасаймын. Алайда бұған дейін бірнеше жергілікті шаруашылықтың түрлі бағытында жиған тәжірибемді қазіргі буынмен бөліскім келеді. Мәселен, себілген дән еш кедергісіз бас алуы үшін оған қандай күтім қажет, соның бәрін жас күрішшілерге үйретемін. Мұндағы қажырлы мамандардың жиған тәжірибесін көппен бөлісуге бейім тұрғанынан болар, былтыр ғана ауылда өз жұмысын бастаған шаруашылықтың бүгінде шаруасы ширады, – дейді Абдолла Шалқымаев.