ПАРТИЯ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
«Nur Otan» партиясы жалағаш аудандық филиалының сайлауалды штабы үіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Бұл туралы бүгінгі брифингте «Nur Otan» партиясы жалағаш аудандық сайлауалды штаб төрағасы Қаншагүл Мұстафаева баяндады.
– Баршамызға белгілі Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар сайлауының үгіт-насихат жұмыстары 2020 жылдың 11 желтоқсанында басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында аяқтадық. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» тақырыбында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, 14 ауылдық округке және кент орталығында тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары, өнеркәсіп орындары, «Экспромт», «Канвассинг», «Есіктен есіке» акцияларын өткізіп, сайлаушыларға партияның 7 басымдығына топтастырылған, яғни олардың бастысы экономикалық жағынан тұрақты, тұрмысқа жайлы, әлеуметтік қызметке бағдарланған, жастарға арналған жобасымен ерекшеленген, тарих пен мәдениетті дамытуды көздейтін, ашық түрде есеп беретін жергілікті органдары қалыптасқан және жергілікті тұрғындарға қауіпсіз аудан болуына жағдай жасау. «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге партиялық тізім бойынша Жалағаш аудандық мәслихатқа – 24 үміткеріміз және облыстық пен ҚР Парламенті мәжілісіне үміткерлер, 13 адамнан құралған аудандық сайлауалды штаб және 78 сенімді өкіл мен 26-ға тарта ерікті өз мойнына алып, үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды түрде атқарып шықты, – деді Қаншагүл Шоңмұрынқызы.
Айта кетейік, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізушілер осыған дейін ауданда «Nur Otan» партиясын насихаттау мақсатында кент және ауылдық округтерде арнайы үгіт парақтарын орналастыратын орындар мен келісім алу арқылы сауда дүкендеріне үіт парақтарын орналастырып шықты. Сондай-ақ Электоралды науқан кезеңінде қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасап, партиялық тізім бойынша Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына 24 үміткер мен Қызылорда облыстық мәслихат депутаттығына 3 үміткер қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке мәселелері мен қоғамның түйіткілді мәселелеріне байланысты тұщымды жауап берді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық
Сайлау қорының қаражатынан төленді
Сайлау қорының қаражатынан төленді