АУДАНЫМЫЗДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Мәселен мен былтыр "Ауыл кредиттік серіктестігі" ЖШС-нан 1 200 бас қой сатып алу үшін 47 миллион 6 мың теңге несие алдым. Әзірге шаруашылыққа 400 бас қой алып, кәсібімізді бастадық. Қора-жаймыз дайын. Тек енді тынымсыз жұмыс істеп, мал басын көбейтуіміз керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып, біліп отырмыз, биылғы жылы ауданымызда мүйізді ірі қара 34 471 басқа, жылқы 15 181 басқа, түйе 648 басқа, уақ малдар 49 799 басқа жетіпті. Бұл өте жақсы, жоғары көрсеткіш қой. Аудан бойынша 106 шаруашылық мал өсірумен айналысып отыр екен. Олардың көбі "Сыбаға" бағдарламасы арқылы қаржыланып, мал шаруашылығын өркендетуді қолға алған. Бұл меніңше, өте жақсы көрсеткіш.
Осы қарқынынан жаңылмаса, алдағы уақытта ауданымыздың әлеуметтік ахуалы артады деп сенемін. Төрт түліктің басы артқан сайын, ел ішіне береке үйіріле бастады. Ауданымызда атқарылып жатқан бұл игілікті істер тек жеке адамның күнкөрісі үшін емес, жаппай халықтың тұрмысын түзеу үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл істе бәріміз жұмыла жүк көтеруіміз керек деп ойлаймын.
Еркін ӘЛІБЕКОВ,
"Атамекен" шаруа қожалығынң төрағасы
"Атамекен" шаруа қожалығынң төрағасы