ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҢ АУЫЛЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ауданымызға облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірқатар нысандарды аралады.
Ең алдымен Таң ауылына қарасты Бозарық каналы бойындағы айналма автожолдың сол жақ бөлігінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Биыл мамыр айында басталған құрылыс осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Жолдың ұзындығы 1,0 км, ені 6 метрді құрайды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
