Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді
Туып-өскен жердің қадір-қасиетін тілмен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Өзіңді балапандай баулып, қырандай самғатқан кіндік кескен алақандай ауылдың бейнесі әр перзенттің жүрек түкпірінде бойтұмардай сақталып тұрады. Ақындар жырға қосса, әншілер ғажап сазды әуенді өмірге әкеледі. Суретшілер болса, ауылының ғажабын қыл қаламның құдіретімен өрнектейді. Мұның бәрі – әр пенденің туған жерге деген ерекше құрмет пен кіршіксіз махаббат арқылы өрілген шынайы сезімінің құдіретті күші.
«Ауылдан адам көшкенмен,
Адамнан ауыл көшпейді» деген сазды әуен қай адамның болса да көңілінің бағына бұлбұл құстай қона қалады. Шынында адам туған жерден түлеп ұшып, қай қиырды мекендесе де, олардың кіндігі өзінің туған мекеніне алтын үзік жіппен байланғаны ақиқат. Себебі қай перзент болсын өз туған жерін аңсап, оған бүйрегі бұрып тұрады. Алайда елге елеулі жақсылық жасау үшін ынта мен ниет, жомарт жүрек пен дархан пейіл керек. Қазақ халқы баталы сөзге мейлінше бай халық қой. «Елдің елеулісі бол, халықтың қалаулысы бол» деп жатады үлкен қариялар. Міне, бүгін осынау асқаралы абыздардың тілегі қабыл болған күн болды. Себебі Рамазан айының алғашқы күнгі айт мерекесінде Темірбек Жүргенов ауылының №117 Ә.Оңалбаев атындағы орта мектебінен әр жылдары түлеп ұшқан 1979-1991 жылдар аралығында дүниеге келген азаматтар жалғызбасты көпбалалы ана Оралхан Қалиеваға баспана кілтін табыстап, отбасын шаттыққа бөледі. Мұндай ақ түйенің қарны жарылған ғажап сәтте Оралханның анасы Фатима өз қуанышын жасырмады.
– Аллаға шүкір, қаумалаған елдің, жомарт азаматтардың ақ пейілі мен ықыласының арқасында қызым баспаналы болып жатыр. Ауылым деп жүрегі алып ұшып жақсылық жасап жатқан ізбасар азаматтарға рахмет! Жетімнің көз жасын сүртіп, қасиетті айда сауапқа кенеліп жатыр. Енді қызым 5 перзентімен өз үйінде емін-еркін өмір сүретін болады. Адамға ең керегі де осы баспана. Жомарт жандарға Рамазан айының қасиеті дарысын, – деді ақ жаулықты ана.

Игі шараға ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Мұстафин, ауыл имамы К.Іздіков қатысып, жаңа қоныс иесіне ізгі тілегін жеткізіп, ауылдың қайырымды азаматтарына алғыс білдірді.
Айта кетейік, туған жерге тағзым жасап, мейірімділік туын тіккен қайырымды азаматтар бұдан бөлек ауылдың қарт тұрғыны жалғызбасты ана Шекеркүл Сүлейменованың үйіне жөндеу жұмыстарын жасап, жылу, су жүйелерін жүргізіп, ақ жаулықты ананың ақ батасын алып отыр.
Осындай игі бастаманы көтерген аға буын өкілдері 1969 жылғы азаматтар екенін ауыл тұрғындары зор сүйіспеншілікпен жарыса жеткізді. Бұған дейін де олар ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға қажетті көмегін беріп келген. Әсіресе былтыр елді есеңгіреткен пандемия кезінде де жомарт жандар жұртының жанына жалау болып, кез келген қиындықта оларға көмек қолын созған.
«Біз – ауылдың азаматымыз» ұранын басшылыққа алған Т.Жүргенов ауылының арда азаматтары ауылдың өркені өсіп, көгеріп-көктеп, гүлзар баққа айналсын деген ниетпен мектеп жанындағы шағын саябаққа «Туған жерім – Темірбек Жүргенов» деген жазумен үлкен афиша орнатып отыр. Осы жерден болашақта әдемі саябақ ашылып, жергілікті жастардың серуендейтін демалыс орнына айналса деген асқақ армандары бар.
Біз барып, көзбен көріп, көңілге тоқып, жақсы бастамадан ғибрат алдық. Кейінгі ұрпақ осындай ізгілік нұрымен қуаттанып, болашаққа нық қадам жасайтынына бек сенім арттық. Бойларынан иман нұры шалқыған азаматтардың пікірін өз аузынан естіп, бойымызда туған жерге, елге деген патриоттық сезім, сүйіспеншілік оянды. Олар сөздің емес, істің адамы екенін дәлелдеді. Оған ауыл халқы куә. Өздерін ақ бесігіне әлдилеген туған жер куә. Алайда олар өздерінің атын атап, түсін түстемеуді өтінді. Барлық ізгі амалдарын «Ол – біздің перзенттік парызымыз» деген бір ауыз жүректен шыққан шынайы лебізбен түйіндеді. Ұлттың ұлық перзенті Темірбек Жүргеновтің есімімен аталатын ауыл азаматтарының бекзат болмысы осындай. Шынында қарапайымдылық ұлылық пен даналыққа бастайды емес пе? Ендеше туған жердің туын көтерген азаматтарға сәттілік серік болғай.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА