» » КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫН ТҰТЫНАДЫ

КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫН ТҰТЫНАДЫ


Көгілдір отынды ел игілігіне беруге арналған салтанатты шарада аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудан халқын көптен күткен қуанышымен құттықтап, Жалағашта жарқын жобалар жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді.

– Баршаңызды алдымен Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және елордамыз Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін өздеріңізбен игі шараның куәсі болып отырмыз. Елбасының бастамасымен облыстан 840 шақырымға жуық газ құбыры жүріп жатыр. Барлық аудан орталықтарына газ келді, жыл басында 11 мың халқы бар Тереңөзек кентіне газ кірсе, бүгін Жосалы кентінде де көгілдір отын халыққа пайдалануға берілді. Кент орталықтарынан бөлек ауылдық елді мекен халқын да көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да өз нәтижесін беріп жатыр. Былтыр Арал ауданында Жақсықылыш ауылына газ берілсе, Шиеліде Байсын ауылы, Қазалы ауданында Ғ.Мұратбаев ауылының халқы да көгілдір отынның игілігін көріп жатыр. Бүгін аудан орталықтарын газдандыру жұмыстары Жалағаш ауданында қорытындылануда. Баршаңызға бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жақсы бастамаларға жете берейік. Әрқашан осындай жарқын жобалардың халық игілігін көре берсін, – деді аймақ басшысы.

Бұған дейінгі аудан әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен өткен жиындарда кент орталығына газ кіргізу жобасы күн тәртібінен түскен емес. Өңір басшысы Асылбек Өмірбекұлы бұл жобаның өміршең болуы үшін барынша сапаға мән беру қажеттігін жауапты мамандардың ұдайы назарына салып отырды. Нәтижесінде “Биыл аудан орталығына кіреді деген көгілдір отын алдағы уақыттың еншісіне қалып қоймай ма?” деген халық көкейіндегі мәселеге күні кеше нүкте қойылды.
Айта кетейік, аудан орталығына газ кіргізу жұмыстары 2019 жылдың қазан айында басталған болатын. Жалпы құны 3 млрд 127,34 млн теңгені құрайтын жарқын жобаның құрылысы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы негізінде басталды. Бас мердігер “StroyGazCompany” ЖШС-ға биыл маусым айында жобаның құрылыс жұмыстарын аяқтау міндеттелді. Межелі уақытта жарқын жобаның ел игілігін көруге жұмыс жасаған серіктестік ұжымына да аймақ басшысы арнайы алғыс білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев те Ел егемендігінің 30 жылдығы мен Астана күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген газдың өміршең болуына сәттілік тілеп, жалағаштықтарды қуанышымен құттықтады. Ал ардагер Жанұзақ Оспановтың ақ батасынан кейін қалың жұрт кент орталығына жеткен көгілдір отынды пайдалануға беру рәсіміне куә болды.

Расында 2021 жылдың 2 шілдесі аудан халқы үшін тарихи күн болды. Бұлай деуімізге толық негіз бар. Себебі дәл осы күні көптің көкейінде көптен жүрген мәселе шешімін тауып, аудан орталығына газ келді. Түрлі басқосуларда көбіне ақсақалдар аудан қазынасын еселеуде өзіндік орны бар “Жалағаш элеваторы” мен Сырдария көпірінің пайдалануға берілген жылын жиі еске алады. Қазіргі аға буын өкілдері де алдағы уақытта дәл осы жылдың тарихи сәтін келер ұрпаққа тамсана айтып отыратын күн де туары анық. Аймақ басшысы айтқандай, өңірде қалыптасқан кез келген жетістіктің түбіне үңілсек, Ел егемендігін айналып өте алмаймыз. Бүгінгі аудан орталығына пайдалануға берілген бірнеше нысан да түптеп келгенде сол Ел тәуелсіздігінің жемісі екенін жақсы білеміз. Отыз жылдыққа орай тарту етілген көгілдір отын алдағы уақытта халықтың қажетіне жарасын деген тілек бар бізде де.

03 шілде 2021 ж. 703 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930