» » Жалағашта сайлаушылардың 18,9 проценті дауыс берді

Жалағашта сайлаушылардың 18,9 проценті дауыс берді

Жалағаш ауданындағы сайлау өтіп жатқан 4 ауылдық округте халықтың белсенділігі жоғары. Қазіргі таңда сайлаушылардың 18,9 проценті дауыс берді.

Соның ішінде, Бұқарбай батыр елді мекенінде таңғы сағат 7:00-ден 8:00-ге дейін 157 сайлаушы мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаса, 9:30-да цифр 330-ға өсті. Ауылда жалпы саны 1112 сайлаушы бар.

2 мыңнан астам халық тұратын ауылды дамытамыз деп үш үміткер үмітін үкілеп отыр. Соның бірі білім саласында еңбек етеді, екіншісі ауыл шаруашылығымен айналысады, үшіншісі осы ауылдың бұрынғы әкімі.

Ауыл тұрғыны Әбдіқазы Абзалов «үш азаматты да білеміз, ауылға жаны ашиды. Бағдарламасын да көрдік. Бірақ солардың ішінен іскерлігі басым, елмен дипломатиясы жақсырақ біреуін таңдаймыз. Мен өз даусымды бердім. Өз әкіміңді өзің сайлап алғанның жақсы жері – әкім мен халықтың арасындағы тығыз қарым-қатынас орнайды. Ал бірлік бар жерде тірлік болатыны белгілі» дейді.

Сайлау учаскесінің төрағасы Ерлан Боранбаев сайлау барысында барлық санитарлық талаптар сақталғанын айтты.

25 шілде 2021 ж. 608 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031