Батыр аналар құрмет төрінде

Кезінде ата-бабаларымыз елді, жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен жан беріп қорғады. Қазақ қоғамының қиын кезеңдерінде әйелдер қауымының ел үшін сіңірген еңбегі зор. Тарихтан белгілі батыр қыз-келіншектердің ерлігінің өзі көпке үлгі-өнеге. Тарихтан белгілі Бопай ханым, Тұмар ханымдардың есімі ел жадында мәңгі қалады. Одан бергі кешегі Ұлы Отан соғысында талай жаудың меселін қайтарған Әлия, Мәншүктер ерлікпен қаза тапты. Олар бізге ұланбайтақ жерді аманат етіп қалдырды. Осы жерге иелік ететін, қоғамға пайдалы азамат тәрбиелеуде аналардың рөлі зор. Әрбір отбасындағы береке, бірлік, татулық анадан бастау алады. Ал әр шаңырақта береке болатын болса, елде тыныштық орнайтыны анық. Негізі қазақ халқы көпбалалы отбасын ерекше құрметтеген. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген нақыл бар емес пе! Көпбалалы болудан, оны тәрбиелеп өсіруден еш уақытта қорықпаған аналарымыз әр баланың өз несібесі боларын біліп, оларға тәлім-тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті етіп қалыптастырып келеді. Себебі әр бала жарық дүниеге өз несібесімен келеді. Мемлекеттің дамуы жолында ертеңгі намысты ұл мен қызды тәрбиелеуде аналардың сіңірер еңбегі мол.

– Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар, – деді Асылбек Өмірбекұлы.
Айта кетейік, бүгінгі күні ауданда 52 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталса, 46 батыр анамыз бар.
«ЖЖ» ақпарат