» » Алдағы міндеттер сараланды

Алдағы міндеттер сараланды

Осы аптада «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жалағаш аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Қаншагүл Мұстафаеваның төрағалығымен өткен жиынға комиссия, кеңес мүшелері және сала басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібіне қойылған «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Шарабан Қалыбаев хабарлама жасады.

Оның айтуынша, Жалағаш кентінде ашылған «Сowor­king center» орталығының ықпалымен жастардың өзін-өзі тануы мен шығармашылығын дамытуға жағдай жаса­лып отыр. Аудандағы жастардың 37 пайызы, яғни 2 850 жас буын аталған орталықта өз білімдерін шыңдауда. Жер­гі­лікті тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу және ескерту бойынша іс-шараларды өткізуде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті жоғары.

– Кент және ауылдық округтерде қоғамдағы жат қы­лыққа жол бермеу тақырыбында 14 билборд ілінген. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін «Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру көздері» әлеуметтік қызметіне 420 мың теңге қаржы қаралып, бұл жұмысты «Жалағаш – достық ме­кені» қоғамдық бірлестігі жүргізуде. Сондай-ақ аудан әкі­мінің ресми сайтына, әлеуметтік желілерде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мақалалар, посттар тұрақты түрде жа­рия­лануда, – деді бөлім басшысы.

Ал жиында сөз алған аудандық полиция бөлімі бас­тығының міндетін атқарушы Мәулен Өсер аудан бойын­ша тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында 8 бей­небақылау камерасын орнату жұмыстары жүргізіліп жат­қан­­ын, полиция қызметкерлерін заманауи құрыл­ғылармен қам­та­масыз ету мақсатында тиісті орындарға ұсыныстар бе­ріл­генін жеткізді.

Мұнан соң сөз алған аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Индира Орынбасарова отбасы құндылығын сақтау мақсатында аудан орталығында отбасыларға ар­налған психологиялық кабинет ашу мәселесі бүгінде оң шешімін тапқанын тілге тиек етті.

– Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында Таң елді мекенінде дәрігерлік емхана құрылысын салуға рес­пуб­ликалық бюджеттен қаржы бөлінді. Ал Мырзабай ахун және Аламесек елді мекендеріне ауылдық дәрігерлік амбу­латория құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзір­ле­нуде, – деді ол.

Сондай-ақ басқосуда М.Шәменов ауылдық округі бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлнар Ералиева бастауыш партия ұйымының атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы хабарлама жасады. Бас­тауыш партия ұйымының жұмысына оң баға берген Қан­ша­гүл Шоңмұрынқызы алдағы атқарылатын жұмыстарға тал­дау жасап, тиісті тапсырмалар берді.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ
07 тамыз 2021 ж. 202 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930