СЫР ЕЛІНДЕ ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ
Бүгін Сыр диқандары егінге орақ салды. Қызу еңбекті алғаш болып Жалағаш ауданының шаруалары бастады. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова егінге алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.
Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Бахтиярұлы мен А.Шәріпбайқызы, Мәжіліс депутаты Б.Кесебаева және шаруашылық басшылары қатысты.
Облыс әкімі Сыр диқандарының еңбегін ерекше атап өтіп, ақжарма тілегін білдірді.
- Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен атақты диқан, дала академигі, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Сондықтан, биыл жиналатын ел астығына облыс егіншілері барынша үлес қосады деп сенемін.
Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Бахтиярұлы мен А.Шәріпбайқызы, Мәжіліс депутаты Б.Кесебаева және шаруашылық басшылары қатысты.
Облыс әкімі Сыр диқандарының еңбегін ерекше атап өтіп, ақжарма тілегін білдірді.
- Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен атақты диқан, дала академигі, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Сондықтан, биыл жиналатын ел астығына облыс егіншілері барынша үлес қосады деп сенемін.
Ел несібесін төкпей-шашпай жинап алуымыз қажет. Қамбаларыңыз астыққа толсын, қырмандарыңыз тасысын. Еліміз тыныш болып, ырыс-несібеміз молая берсін,-деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, игі шара барысында облыс әкімі «ТАҢ ЛТД» серіктестігінің жүгері дақылы егілген егіс алқабына барып, ауылшаруашылығы саласындағы әртараптандыру бағытында мамандармен пікір алмасты.
Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 188,1 мың гектар жерге орналастырылды. Ал, негізгі дақыл күріштің көлемі 83,6 мың гектар. Су тапшылығына байланысты күріш көлемі өткен жылмен салыстырғанда 5,9 мың гектарға дейін азайып, оның орнына суды аз қажет ететін мал азықтық және майлы дақылдармен қатар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға дейін артып, жалпы егіс сәйкесінше 3,9 мың гектарға ұлғайды.
Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріштікке 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілді және 71,9 мың гектар егіс тыңайтқыштармен қоректендірілсе, 69,2 мың гектары арам шөптерге қарсы өңделді.
Сонымен қатар, күріш танаптарынан су тарту шаралары атқарылуда, бүгінгі күнге дейін бекітілген кестеге сәйкес 67,6 мың гектар немесе жалпы күріш егісінің 80,9 пайызының суы байланды. Қазір облыста бидай, арпа, сұлы дақылдарын жинау аяқталса, мақсары картоп, көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, ескі жоңышқа дақылының ІІ орымы мен жаңа жоңышқаны жинау жұмыстары жүруде.
Алдағы егін жинау науқаны кезеңінде ауа-райы болжамы қолайлы болады деп болжанып отыр. Осыған сәйкес облыста егін жинау науқанын 10 қазанда аяқтау жоспарлануда.
Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Таң ауылдық округіндегі атқарылған жобалармен де танысты. Оның бірі – ет өңдеу цехы. 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шағын өндіріс орнында күніне 5 мүйізді ірі қара сойылады. Цехтың жұмысын көрген өңір басшысы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына назар аударуды тапсырды.
Мұнан соң, облыс әкімі орташа жөндеуден өткен Орынбай жырау көшесін көрді. Мамыр айында басталған асфальт төсеу жұмыстары шілде айында аяқталған. Ұзындығы бір шақырымнан асады. Елді-мекенде барлығы 14 көше болса, оның 8-і қалыпқа келтірілген. Қалған көшелер жыл соңына дейін жаңарады.
Орынбай жырау көшесінде орналасқан №118 орта мектеп ғимараты да күрделі жөндеуден өтті. Білім мекемесінің есік терезелері, едені толық ауыстырылды. Су, кәріз, электр жүйелері жаңартылды, ішкі әжетхана жүргізілді. Мектеп ауыл оқушыларын қабылдауға дайын.
Аймақ басшысы оқу процесіне әзірлікті тағы бір пысықтап, санитарлық-дезинфекциялық шараларды толық орындауды тапсырды.