» » Қызылордада «Мерейлі отбасы» спартакиадасы өтті

Қызылордада «Мерейлі отбасы» спартакиадасы өтті


Бүгін Талсуат оңалту орталығында ерекше жандар арасында «Мерейлі отбасы» спартакиадасы болып өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спартакиада мақсаты дене тәрбиесін насихаттау, ерекше жандар арасында салауатты өмір салтын ұстануға назар аудару болып табылады.

Спартакиаданы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Барлығы үш топқа бөлінген жарысқа қатысушылар «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Картоп егу», «Допты торға», «Көңілді әуе шарлары»  кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Барша белсенді қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

10 қыркүйек 2021 ж. 196 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031