» » Елбасымыз, Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласын жариялады

Елбасымыз, Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Тәуелсіздік тағылымы" атты мақаласын жариялады

Елбасы Н.Назарбаев "Біз өзіміздің толағай табыстарымыз арқылы тәуелсіздікке сенбегендерді иландырдық, көнбегендерді қатарымызға тарттық, әлем мойындаған абыройлы мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін"- деді.

Ендеше, мақаламен танысқан кез келген азамат басты құндылығымыз Тәуелсіздіктің бізге оңайшылықпен келмегеніне көз жеткізеді. Мен де мақаланы оқи отырып, еліміздің Тәуелсіздігі жолында жүріп өткен жолына көз жүгіртіп, бірлігіміз бекем, еңбекқор, жаңашылдыққа бет бұрған қоғам болуымыз керектігін ұғындым.

Расында, біздің еншімізге тарихымызда өз ауқымыдылығы мен қиындығы жөнінен бұрын-соңды болып көрмеген жобаны жүзеге асыру – Сарыарқаның төріне, ерке Есілдің бойына ел қондырып, жаңа да әсем елорда салу мәртебесі бұйырған. Біздің жұрт – тамырын жеті қат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзінің күш-қуатын ғасырлар бойы Ұлы дала төсінен алған байырғы халық. Бабаларымыз бізге мұра қылып ұлан-ғайыр жер қалдырған.

Ендеше Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қайрат Алмасұлы
Жалағаш аудандық мәслихатттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшесі, аудандық мәслихат депутаты 
09 желтоқсан 2021 ж. 115 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30