«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА
«AMANAT» партиясының қызметін жаңғырту жұмыстарының аясында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар қарқынды жүргізіліп келуде. Партия төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы партияны модернизациялауда жаңадан партиялық жобалар қосылып, барлық партиялық жобалар аясында жұмыс жасауда тың тапсырмалар берген болатын.
Партиялық жобалардың ішінде мүмкін¬дігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да тұрақты қолға алынуда.
Бұл жоба «Кедергісіз келешек» деп аталады. «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады, оның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу. Осы орайда, Жалағаш аудандық партия филиалының «Мәдениет ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасымен кездесу өткізілді. «Мәдениет ауылдық округі» БПҰ төрағасы Бақыт Абдреева аталған отбасығы қажетті сый-сияпат жасады.