«AMANAT»: Әлеуметтік 98 нысанның жұмысына бақылау жүргізеледі

Аталған шаралар барысында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық Жол картасына сәйкес «Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету» мақсатында бұрын салынған әлеуметтік нысандардың (меншік түріне қарамастан) мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді етіп бейімделуі бойынша арнайы мониторинг жүргізіледі. Жоспардағы нысандардың барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Осыған орай, әрбір нысанның толыққанды бейімделуі партияның бақылауында болады.
Сондай-ақ өткен 2021 жылы аймақтағы партиялық мониторинг топтардың зерделеуі нәтижесінде «Жалағаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының Арал аудандық басқармасының және т.б. ғимараттарға қатысты анықталған кемшіліктерді түзеуге қатысты тиісті мекемелерге ұсыныстар беріліп, олқылықтар уақытында орнына келтірілген болатын.(фотоларда көрсетілген)
Айта кету керек партия мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік нысандарды бейімдеу бойынша мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша есептерді құзыретті органдардың назарына ұсынып, орындалуын бақылауда ұстайтын болады.