«Біздің планетамыз, Біздің саулығымыз» ұранымен эко-челлендж басталды
Биылғы Денсаулық күнінің ұраны «Біздің планетамыз, Біздің саулығымыз!» болып бекітілді. Негізі мақсат – халықты, адам денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, адамның әл-ауқаты мен салауатты өмір салтына бағдарланған қоғамдық сананы қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, атаулы күн аясындағы шаралар сәуір айының басынан бастап соңына дейін жалғасады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар денсаулығы орталығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айзат Алдабергенова мәлімдеді.
Халықтың барлық мақсатты топтары үшін «Біздің планетамыз, Біздің саулығымыз» ұранымен эко-челлендж ұйымдастырылды. Эко-челленджге жалпы, орта және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен еңбекке қабілетті тұрғындары қатысады.

Акция аясында жастар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын анықтауға бағытталған бірнеше медициналық талдаулар түрі жасалды, оған қоса спорттық ойындардан гір көтеру, арқан тарту, қол күрес сияқты сайыстар өткізіліп, сайыс соңынан жеңімпаздар марапатталды.
Жалпы, денсаулықты нығайту, Жер-анамызды тұрмыстық қалдықтарын тазартып, ағаштар отырғызып көркейту әрбір адамның міндеті. Осы орайда облыс тұрғындарын өткізілетін эко-челендждерге, «Салауатты планета – болашақ ұрпақ үшін» атты бұқаралық спорттық сайыстарға белсенді қатысуға шақырамыз, – деді Айзат Дарханқызы.