Мониторинг жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы №60 «Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы «Дархан» ЖШС-мен әлеуметтік портал арқылы жүргізілуіне байланысты Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, «Халыққа қызмет» БПҰ төрағасы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім басшысының міндетін атқарушы Қ.Бөлембаев және Жалағаш аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Өмірбек Аманов кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың берілетін азық-түлік пакетінің сапасының талапқа сәйкестігіне саралау жүргізді.