» » САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ НАЗАРЫНДА

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ НАЗАРЫНДА


Партия алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі сайлауалды уәделердің уақытылы іске асырылуы. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылдың 1 наурыз күні өткен партияның кезектен тыс ХХІІ съездінде мәслихаттардағы фракция отырыстарында аумақтық филиал төрағаларының – әкімдердің есептерін тыңдауды тапсырған болатын. Осы орайда, бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Аталған отырысқа аудандық мәслихаттағы барлық фракция мүшелері, «AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева қатысты. Аудандық мәслихаттағы фракция жетекшісі Қаншагүл Мұстафаева ашып, жүргізіп отырды..

Күн тәртібіне «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының 2022 жылдың 1 тоқсанына орындалуы тыңдалды. Аталған мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Шаменов хабарлама жасады.

Жалағаш аудандық сайлауалды бағдарламаның Жол картасы 7 бағытты қамтитын 19 индикатор және 87 іс-шарадан тұрады. 2022 жылға тиесілі орындалатын 70 іс-шара, 17 іс-шара мерзімі бар.

2022 жылдың 3 айында 70 іс-шараның 16-і немесе 22,9% толықтай орындалды, 54 іс-шара орындалу үстінде яғни 77,1 %.
2022 жылы облыстық бюджет есебінен аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеуге - 98 267,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылға «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Еңбек, Мырзабай ахун, М.Шәменов елді мекендерінің ішкі көшелерін жөндеуге 351,3 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталады.

Республикалық бюджет есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттің ішкі заем есебінен 36,0 млн теңге қаржы бөлінді (Жалағаш кенті Қазыбек би көшесі №34 үй, Қазыбек би көшесі №46 үй, Желтоқсан көшесі №2 үй, М.Шәменов көшесі №76 үй, М. Шәменов көшесі №78 үй). Қазіргі таңда келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстық құрылыс басқармасы арқылы Таң елді мекенінде жоба құны 140,0 млн теңге болатын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Жоба өтпелі, яғни ағымдағы жылдың мамыр айында пайладануға беріледі.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына Мырзабай ахун елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысы жобасының құжаттары Ұлттық экономика министрлігіне қаржыландыруға ұсынылды.

2022 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептің үлесі 80% құрап отыр. 2022 жылы 3 инклюзивті кабинет (№122, 124, 232 мектептерге) алыну жоспарлануда.

2022 жылы облыстық бюджет есебінен стритбол алаңын салуға тиісті қаржы бөлінді. Қазіргі таңда "Наркескен" спорт клубы ғимаратының жанынан стритбол алаңын салу жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылы Аққыр, Бұқарбай батыр, Мырзабай ахун, Жаңаталап елді мекендеріндегі спорттық алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудан бюджетінен 16,1 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылы М.Шәменов елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, 2021 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 2022 жылға "Ауыл-Ел бесігі" жобасы аясында қаржыландыруға ұсынылып, жоба мақұлданды. Сонымен қатар, 2023 жылға «Ауыл-Ел бесігі» жобасына Мырзабай ахун, Аққыр елді мекендеріндегі 100 орындық ауылдық клуб ғимараттары құрылысының жобасы қаржыландыруға ұсынылды.

Отырысқа қатысушы фракция мүшелері тарапынан сайлауалды уәделердің орындалуына байланысты ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Шаменов алға қойған міндеттер мен мақсаттарды және ауданнның дамуы мен көркеюі жолында жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
14 сәуір 2022 ж. 416 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031