АУДАН ПРОКУРОРЫ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Жалағаш ауданының прокуроры Шыңғыс Мәдиұлы Есжанов аудандағы кәсіпкерлік субъектілерімен «ашық диалог» форматында кездесу өткізді.Мақсаты – кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезіндегі жүйелі мәселелерді, әкімшілік кедергілерді анықтап, олардың шешу жолдарын талқылау.
Кездесуге аудан аудандық кәсіпкерлер бөлімінің, аудандық мемлекеттік кірістер, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты.
Аудан прокуроры Ш.М. Есжанов бизнес өкілдеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы жарияланған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерге жарияланған мораторий талаптарын түсіндірді.
Аудан прокуратурасының прокуроры А.Есжанов баяндама жасап, прокуратурамен 2021 жылы және 2022 жылдың өткен мерзімінде атқарылған жұмыстар және «Прокуратура туралы» Заңға кәсіпкерлерді қорғау бағытында енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады.
Сонымен бірге Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Ж.Несіпбаев салық заңнамасында көзделген жеңілдіктер, ал кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ғ.Ерболұлы мәлімдеме жасады.
Кездесу барысында кәсіпкерлерді толғандыратын сұрақтар талқыланып, олар бойынша заң талаптары түсіндірілді.
Жиын соңында аудан прокуроры Шыңғыс Мәдиұлы Есжанов алдағы уақытта бұндай кездесулер тоқсанына кемінде бір рет әртүрлі саладағы бизнестің өкілдерімен өткізілетінін жеткізді.
Құрметті кәсіпкерлер!
Аудан аумағында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ құрылып, қызмет көрсетуде.
Егер Сіздің қызметіңізге мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласу, соның ішінде тексеру фактілері орын алған жағдайда, төмендегі байланыс телефондары арқылы мобильдік топқа хабарлауыңызға болатынын түсіндіреміз.
Мобильдік топтың байланыс телефондары:
87771713264
3-4-67