» » Тұрғындардың мәселесі ескерусіз қалмайды

Тұрғындардың мәселесі ескерусіз қалмайды


«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Мобильді топ өкілдері Жалағаш ауданы, Таң ауылында болып, тұрғындардың мәселесіне құлақ түрді. Халықпен кері байланыс жасаудың тиімді құралдарының бірі қоғамдық қабылдау.

Бүгінгі өткізілген қоғамдық қабылдауға ауыл тұрғындары ауылды дамыту көркейту бойынша өз сұрақтары мен ұсынтарын жеткізді. Мәселен ауылдағы білім ордасын қоршалау жұмыстары, мемлекеттік гранттар, ауылдағы электр желісін күрделі жөндеуден өткізу және жұмыссыздық мәселесі бойынша қосымша штаттық бірліктер бөлу көтерілді.

Сондай-ақ, қабылдауда жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға тиісті сала өкілдері тарапынан заңдылық аясында кеңестер мен сұрақтары бойынша жауаптар берілді. Қабылдау cоңында ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, мобильді топ өкілдерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, мобильді топ өкілдері осыған дейін Бекарыстан би ауылында қабылдау жүргізген болатын. Алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы жоспарлы түрде өзге елді мекендерде жалғасады.

Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері құрамында Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Еспенбет, партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылкасынов, облыстық маслихаттың депутаты И.Шағыртаев, партияның Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Баимбетов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Н.Өмірзақов, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Г.Қойшығұлова, ШЖҚ «Табиғат» МКК директорының міндетін атқарушы Қ.Шакиров болды.
27 сәуір 2022 ж. 86 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930