Қызылордада алтын құрсақты аналар ардақталды
5 мамыр – Халықаралық Отбасы күні қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов алтын құрсақты аналарды қабылдап, Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған «Алтын алқа», «Күміс алқа» мәртебелі наградаларын табыс етті.
Қала әкімі демографияның өсуіне елеулі үлес қосқан, шаңырақтың шырайы бола білген ақ жаулықты аналардың қоғам өміріндегі алар орны ерекше екенін айтып, ілтипатын жеткізді.
Іс-шара барысында аналар қауымы ақжарма тілектерін арнап, ана мен баланы қолдауға бағытталған ұсыныстарын жеткізді.
Қала әкімі демографияның өсуіне елеулі үлес қосқан, шаңырақтың шырайы бола білген ақ жаулықты аналардың қоғам өміріндегі алар орны ерекше екенін айтып, ілтипатын жеткізді.
«Отбасы байлығы – Отанның байлығы. Сіздер, Тәуелсіз елдің еркін ұрпақтарын ғана емес, тұтас ұлтты тәрбиелеуге үлес қосып келесіздер. Елімізде отбасы институтын дамытуға байланысты ауқымды іс-шаралар кешені қабылданып, аналарды қолдау шаралары тұрақты түрде іске асуда. Қала аумағында түрлі деңгейдегі игі бастамалардың бәрінде әйел аналардың қолтаңбасы бар. Оның ішінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуына үлес қосып жүрген өздеріңіз секілді алтын құрсақты аналарымыздың еңбегін айтпасқа болмайды. Баланы өмірге әкеліп қана қоймай, оған қоршаған ортаның құндылығын, еліміздің мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрімізді түсіндіріп, қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – үлкен мектеп, тәжірибе», – деді Асылбек Өмірбекұлы.
Іс-шара барысында аналар қауымы ақжарма тілектерін арнап, ана мен баланы қолдауға бағытталған ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға түрлі сипаттағы әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Қоғам өміріне белсенді әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіптік оқуларға жолдама беру, жаңа бизнес идеяларына қолдау шаралары тұрақты түрде іске асады.