САЙЛАУҒА ӘРБІР ТҰРҒЫН АТСАЛЫСУДА

– Ауданымыздың дамуы бәріміз үшін маңызды. Ал сол жолда еңбек ететін басшысы таңдау халықтың құзырында. Сондықтан жерлестеріме өз таңдауын жасауда белсенділік танытуға шақырамын. Мен де өз дауысымды бердім. Халық кімді сайласа да, сол кандидаттың ел сенімін ақтайтынынан үміттіміз. Ел сенімі – жауапкершілік. Жауапкершілік ол – нәтиже. Ал нәтижеге бастаған іс қашанда өз жемісін береді деп есептеймін, – дейді кент тұрғыны.