ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Осыдан 32 жыл бұрын, яғни, 1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат орын алды. Сол Чернобыль апатының зардабын жоюға барлығы 600 мыңнан астам адам, оның ішінде 32 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Жылдан жылға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандардың саны азайып келеді. 1986-1989 жылдары аралығында жүргізілген апат аймағындағы залалсыздандыру жұмыстарына ауданымыздан 10 азамат қатысып, бейбіт тұрғындардың өмірлерін сақтап қалуға өз үлестерін қосты. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестіріліп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетіліп келеді.
27 сәуір күні аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев Чернобыль апатына 32 жыл толуына және еске алу күніне орай апат зардаптарын жоюға қатысқан ауданымыздың 5 ардагерін қабылдады. Қабылдау кезінде өңір басшысы ел басына күн туғанда залалсыздандыру жұмыстарына қатысып, бейбіт тұрғындардың өмірін қорғап қалуға үлес қосқан азаматтардың ерлікке тән істерін тілге тиек етті. Сонымен бірге ауданда әр салада еңбек еткен олардың түрлі іс-шараларға қатысып, жастарға патриоттық тәрбие беруге атсалысып келе жатқандары үшін ризашылығын білдірді. Ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып өтіп, қазіргі көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстарына да ұйытқы болып атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен сый-сияпаттарын тапсырып, мықты денсаулық, отбастарына береке-бірлік тіледі.
Ардагерлер атынан сөз алған С.Ибраев еске алу күніне орай өздерін қабылдап, құрмет көрсеткені үшін өңір басшысына алғысын айтты.

Серік БЕРТАЕВ.
Пікір 1