СПОРТ САЛАСЫНДА СЕРПІН БАР
Аудан жастары спорт саласында үлкен жетістікке жетіп, аймақ абыройын асқақтатуда белсенділік танытуда. Әрине, мұның барлығы аталған салада жасалып жатқан сапалы жұмыстардың жемісі. Тіпті жас спортшыларымызға облыстық құрамалардың бапкерлері де қызығушылық танытып, өз топтарына қосып алуға қолқа салуда. Бұл да жергілікті бапкерлердің тынбай еткен еңбегінің нәтижесі. Алдағы сайыстарда олардың үлкен жетістікке жетуде қандай дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын білу үшін және аталған саланы дамытуға қатысты бірқатар сауалымызға жауап алу мақсатында аудандық спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Ержановпен сұхбаттасқан едік.
– Нұрлан Манатұлы жалпы сіз осы бөлімге 10 жылдан астап уақыт басшылық еттіңіз. Кез келген адам өз саласының жұмысын ілгерілетуге атсалысары сөзсіз. Сіз осы тұрғыда мақсатыңызға жете алдыңыз ба?
– Аудандық спорт бөліміне 2006 жылдан бері басшылық етіп келемін. Әрине, жаңадан құрылған бөлімнің басында мәселелер жоқ емес, болды. Бірақ, басты мақсат сол тығырықтардан шығып, қайтсек те аудан спортын ілгерілетуге жұмыс жасау болды. Нәтиже де жаман емес. Басында жеке дара спортшыларымыз республикалық, облыстық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындардан көріне бастады. Кейін командалық сайыстарда марапат төрінен көрінетін жағдайға жеттік. Мұның барлығы – тынбай еткен еңбектің жемісі. Бұл тұрғыда әріптестерімнің де жұмысын жоғары бағалаймын. Мықты спортшының қалыптасуы алдымен бапкерге байланысты. Осы орайда біздегі жаттықтырушылардың, тәлімгерлердің жетістігі аз емес. Тіпті бізден шыққан жас спортшыларға облыстық құрамалар қызығушылық танытуда. Мәселен, Ақсу ауылының 11 сынып оқушысын гандболдан облыстық құрама бапкері қолқа салып сұрап алған еді. Қазір ол халықаралық сайыстарда өнер көрсетіп жүр. Біз осындай спортышының өз ауданымыздан шыққанына мақтанамыз. Енді тағы бір 9 сынып оқушысы ганболдан өзінің жақсы қабілетін көрсетуде. Қазіргі таңда ол спортшымызға да облыстық құрама қызығушылық танытып отыр. Біз де оларды бергіміз келмейді. Алайда, осындай жастардан байрақты бәсекелерде топ жаратын спортшы қалыптасса, ең үлкен жетістік осы.
– Сіз енді ұзақ уақыт аталған бөлімде жұмыс жасаған соң аудандағы спорт саласының қыр-сырын жақсы білесіз деп ойлаймын. Бізде әсіресе қай спорт түрі мықты дамып келеді?
– Бізде барлық спорт түрі бойынша қатысушыларымыз жақсы жетістікке жетіп жүр. Әсіресе, Гандбол, футбол, таэквондо, валейбол, үстел теннисі сияқты бірқатар спорт түрінен қабілетті жастар жетерлік. Олардың бірқатарын жоғарыда атап кеттім. Тағы да жеке тоқталатын болсам, бізде әсіресе футбол жақсы дамып келеді. Аяқдопшыларымыздың бұрын жеңісіне қуанатын едік. Қазір олар барған жарыстарында тек қарсыласын айқын басымдықпен жеңуді дәстүрге айналдырып отыр. Сайыс болғасын әрине дайындық та керек. Бірақ, олар мені дайындалуға уақыты болмай қатысқан жарыстарда да ұятқа қалдырған жоқ. Валейболдан да аудан жастары жаман өнер көрсетіп жүрген жоқ. Бұл спорт түрінен кенттің өзінде бұрынннан құрама бар. Олардың да жетістігі жаман емес. Сондай-ақ, Еңбек ауылдық округінде де жақсы құрама құрылды. Ол жақта ағайынды Райбек пен Болысбек Медеуовтар жақсы шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістікке жетіп келеді. Сөзімнің басында да айтып кеттім. Мұның барлығы бапкерге байланысты. Әлбетте, жастардың өзінде де ынта болу қажет. Алайда, сен барған салаңның қыр-сырын меңгеруде бағыт берер адамың нашар болса, биік белесті бағындыруың да оңайға соқпайды. Спорт та сол сияқты. Сондықтан, мен мұның барлығы шәкіртінің қабілетін біліп, оны жетілдіруге жұмыс жасаған алдымен тәлімгерлердің еңбегін жоғары бағалаймын. Бізде қазіргі таңда жақсы бапкерлер қалыптасып келеді. Мәселен, жеңіл атлетикадан Мақсат Қарақұлов пен Жандос Мақсатұлы өздерінің ізін басатын шәкірт тәрбиелеуде үлкен жетістікке жетті. Нәтиже де жаман емес. Біз қазір спорттың осы түрінен облыс бойынша жақсы өнер көрсетіп жүрміз. Жүлделі орындардан көрінетін тұсымыз болса, ол көбіне жеңіл атлетикадан болатын. Қазір де солай. Еркін күрестен Алмат Мұстафаев пен Жасұлан Нұрмағанбетов Ұлан мен Руслан секілді Сыр палуандарының ізін басатын спортшыларды қалыптастыруда табанды еңбек етіп келеді. Өз саласы бойынша басқа да тәлімгерлеріміздің шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі жоғары. Біз тек сайысқа қатысатын бала тәрбиелеумен шектелмейміз. Аудан тұрғындары да салауатты өмір салтын ұстануға ынталы. Сондықтан, аудандық ардагерлер кеңесімен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар клубымен, дәрігерлер және білім саласының қызметкерлерімен, аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп, түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырудамыз.
– Соңғы жылдары мемлекет ұлттық ат спортын дамытуды қолға алды. Бізде спорттың бұл түріне жастардың қызығушылығы қалай?
– Жалпы спорттың қай түрі де денсаулыққа қажет. Оның ішінде әсіресе ат спортының пайдасы зор. Оны жастар да, жергілікті тұрғындар да жақсы біледі. Ұлттық ат спортын ілгерілету жұмыстары ауданда қарқынды жүріп жатыр деп айтсам, артық болмас. Әсіресе, Аққұм ауылдық округінде ипподром пайдалануға берілгелі ер азаматтардың спорттың бұл түріне қызығушылығы артты. Қылышбек Бисенов ағамыз аталған нысанды бізге пайдалануға рұқсат беріп отыр. Ол кісіге алғысымыз шексіз. Ауылы үшін жасап жатқан жұмысын өздеріңізде білесіздер. Ал, осындай алаңды ел игілігіне бергені ауданда ат спортының дамуына ерекше қолдау болды. Қазір спорттың бұл түрінен Аққұм, Еңбек, Есет батыр мен Бұқарбай батыр ауылының азаматтары жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз енді қалған ауылдық елді мекендерде ат спортын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Жалпы спорттың бұл түрін дамытуға тұрғындар да атсалысып келеді. Қазір той-томалақтарда және құдайы-астарда көкпар беру дәстүрге айналды. Бұрын әрқайсысы өз ауылдарында сайысқа түссе, қазір барлық ауылдан шабандоздар мен көкпаршылар бас қосатын болды. Аяғы үлкен додаға ұласады. Ол сайыстарда бір қомақты жүлде де берілмейді. Бірақ, сонда да ол жерде жігіттеріміздің қабілетінен ат спортына деген қызығушылығын аңғарамыз.
– Нұрлан Манатұлы екеуара әңгімеде спорт саласын ілгерілетуде тындырымды жұмыстар атқарылғанын аңғардық. Алайда, аудан тұрғыны Бақытжан Сәдуақасов басылымның өткен сандарының бірінде өңір спортының көш соңында екенін айтқан еді. Жергілікті тұрғынның бұл пікіріне қалай қарайсыз?
– Ауданда спорт саласы көш соңында деу қисынсыз болар. Бірақ, рас бізде спортты ілгерілеуде көптеген мәселе болды. Мысалы, бізде 2006 жылдан 2016 жылға дейін балаларды дайындайтын ғимарат болған жоқ. Аймақтағы білім ошақтарының спорт залын пайдалануға рұқсат сұрап балаларды дайындадық. Керісінше, осындай кедергілерге қарамастан біз нағыз спортқа деген қабілеті жоғары жастарды тәрбиелеп шығардық. Олар жүлделі орындардан жиі бой көрсетті. Жарыс болған соң бірде озасың, бірде қаласың. Бір сайыста төмен нәтиже көрсетті деп осы сала осал екен деу қателік болар. Ол кісінің сөзін жөнсіз дегеніміз жоқ. Керісінше ол біз үшін үлкен сын болды. Әріптестеріме де айтып жатырмын. Осыдан сабақ алып, мықты спортшыларды дайындауға күш салуымыз керек екенін олар да жақсы біледі. Бұрынғы жұмысымызды жаман деуге келмес. Бірақ, алдағы уақытта оны әлі де ширатуға жұмыс жасаймыз. Қазір керісінше ынталы жастар көбейгелі спорт саласында серпін бар.
– Жалпы ауданда спорт саласын дамытуға қолдау бар ма?
– Бізде қазіргі таңда спортпен шұғылданамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Себебі, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың өзі осы саланы ілгерілету үшін барынша жағдай жасап отыр. Ғимараттарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге де аудан әкімі тарапынан қолдау басым. Тіпті мамандар тапшылығын болдырмау мақсатында кадр мәселесін де шешіп берді. Аудан басшысына спорт саласына деген осындай ерекше қолдауы үшін алғысым шексіз. Спорттың қай саласын дамытуға маман қажет десек, сол мақсатқа қол жеткізу жолында аянып қалған жері жоқ. Сондықтан басшылық тарапынан осындай қолдау барда ауданда спорт саласы ешқашан төмен болмайды. Алда үлкен жарыс бар. Сол додада қайтсек те үздік үштіктен көрінуге жұмыс жасаймыз. Қазір дайындықты бастап та кеттік.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Кенжетай БАЛҒАБАЙ.