» » ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ


Кеше Мәдениет және өнерді дамыту орталығының мәжіліс залында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ауданымыздағы мерейлі отбасыларды насихаттау мақсатында «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымыздың құрметті азаматы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушысы Кенжеғара Сүлейменовпен жастардың кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Кенжеғара атамыз отбасының басты құндылығы не екенін, қазіргі жастардың отау құрып ертеңінен ажырасудың себебі не екенін кеңінен түсіндіріп өтті. Отбасы болған соң көптеген қиыншылықтың болатыны анық, осындай сынақтарда төзімділік, сабырлық керек деп өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан ел ағасы жастарға өз өмір жолы туралы тұщымды ақпараттарды айта отырып, өмірінің өнегелі әңгімелерін баяндады. Кездесу барысында түрлі сұрақтар қойылып, арнайы дайындалған сыйлық табысталды.
19 қыркүйек 2018 ж. 1 015 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930