» » КӨМІР БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

КӨМІР БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ



Бүгінде облыс бойынша көмір тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында жергілікті тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мәлімдеді.

– Біздің есебіміз бойынша, облыс тұрғындарына қажетті көмір 207 мың тонна болса, қазіргі таңда оның 25 проценті келіп, халыққа таратылуда. Бүгінде еш­қандай бағаның ауытқушылығы сезіліп жатқан жоқ. Облыс аумағында 36 көмір жинақтау орны бар, оның 5-і қалада. Біз күнделікті мониторинг жасап отырамыз. Қазір баға 14-16 мың теңге аралығында, – деді Ерлан Жоламанов.
Жеткізілетін көмір қорының кестесі әзірленіп, биыл маусым айынан бастап Қарағанды облысының Шұбаркөл, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра және Павлодар облысының Екібастұз, Майкөбен көмір өндірушілерінен темір жол арқылы тасымалдануда.
Брифингте қыстың қамын кейінге қалдырмау жайлы да айтылды. Сондай-ақ, тұрғындар жылу маусымына дайын­дық­тарын кейінге қалдырмай, қажетті отынды дер кезінде жинап алса деп ескертеді.
– Қыс мезгілінде дүрбелең болмас үшін тұрғындар осы бастан қажетті отынды қамдап алуы қажет. Себебі, күн салқындағанда сұраныс та жоғары бола түседі. Ортадағы делдалдар бағаны көтеріп жібереді, – деді Е.Жоламанов.

Шынар Бекбан.
http://www.syrboyi.kz

20 қыркүйек 2018 ж. 778 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930