Мың алғыс, саған, ұстазым!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ”, – деп жарқын келешектің кілті кемел білімде жатқанын айтқан болатын. Бұл ретте мұғалімнің алар орны ерекше екенін ұмытпаған абзал. Қазақтың сыршыл ақыны Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» – деп ұстаз мәртебесіне ерекше мән берген.
Мұғалімдер күні қарсаңында аудан орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтады.
– Дана халқымыз “қарымды ұстазы мен тағылымды ұланы тең елдің бағы да баянды” дейді. Халық айтса, қалт айтпайды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай елін сүйетін білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын тәрбиелеудегі күрделі де қызықты еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін, – деді аудан басшысы.
Мереке аясында бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс және аудан басшылығының марапатына ие болды. Сондай-ақ, үздік білім ордалары номинациялар бойынша марапатталды.
Жалпы, білім саласы жыл сайын жаңғырып, дамып келеді. Жаһанданып бара жатқан мынау төрткүл дүниеде білімдінің ғана аты оза шабатыны белгілі. Бұл ретте, республикамызда ғылым мен білімді дамытуға ерекше көңіл бөлінгенін айта кеткен жөн. Басқасын сөз етпегеннің өзінде аудандағы жетістіктің бір шоғырын айта кеткенді жөн көрдік.
Соңғы жылдары ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында ашылған балабақшалар мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 100 пайыз қамтуға септігін тигізді. Сонымен қатар, үш ауысымды мектептің жоқ екенін айта кеткен жөн. Білікті ұстаздардың тынбай ізденуінің арқасында шәкірттер республикалық, облыстық деңгейдегі білім бәсекелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен Жалағаш биылғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Ауданның көрсеткіші 87,5 балды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 балға өскен. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз облыста алдыңғы қатарда. Сонымен бірге, биыл облыс әкімінің грантымен 6 түлек жоғары оқу орнына, мектеп бітірген 344 оқушының 334-і жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Бұл жетістіктің барлығында ұлағатты ұстаздар қауымының зор үлесі бар екенін айта кеткен жөн.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.

Ә.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.
М.АХМЕТ (сурет).