» » «ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

«ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫ АШЫЛДЫ



«Алтын дән» мерекесі аясында қазақ жерінде бүгінгідей бейбіт таңның атуына ұйытқы болып, елі мен жері үшін тер төгіп, салқын саясаттың құрбаны болған жандарға арналған «Тағзым» алаңының ашылу салтанаты өтті.

Жалағаш жерінің жақсы мен жайсаңы жиылған жиын шымылдығы айтыскер-ақын Мұхтар Ниязовтың арнауымен ашылды. Сондай-ақ, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір тарихи тұлғалардың өмір жолдарын тілге тиек етті.
Кент орталығынан бой көтеріп отырған саябақ есімдері елге белгілі тарихи тұлғалар мен ел үшін құрбан болған жерлестерге арналады. Бұл тағзым алаңында қызыл империяның қыспағына шыдамай қылыш көтерген Қарақұм қөтерілісі құрбандарына арналған ескерткіш, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихи тұлға Темірбек Жүргеновке, ғасыр апаты болып тарихта таңбаланған Семей, Чернобыль зардабынан көз жұмғандар мен Ауған соғысында мерт болған жауынгерлерге, сонымен қатар, бейбіт еңбек майданының батыры Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановқа арналған ескерткіштер орнатылған.


Н.АЛМАС.
Суреттерді түсірген М.АХМЕТОВ.

20 қазан 2018 ж. 1 378 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930