» » ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕР БАСТАУЫ

Астанада Елбасының қатысуымен «Тәуел­сіздіктің ұрпақтары» атты жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Аталған шараны жалағаштық жас­тар тікелей көрсетілім арқылы тамашалады.
Жиында Елбасы «Ақыл жастан, асыл тастан шығатынын» еске салып, биыл дарынды, талантты барлық жасқа жол ашу керектігін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жиында Үкіметке «Бизнес-2020» жол картасы аясында жас кәсіпкерлер үшін бөлінетін грант қаражат көлемін екі есеге арттыруды тапсырды және жастар жылында университеттің жоғары курсында оқитын студенттерді бизнеске баулуды, жастардың идеяларын дамытуды міндеттеді.
Жиынды тікелей эфир арқылы көрген жалағаштық жастардың да қуанышында шек жоқ. Себебі, Елбасының өзі, "Сіздер Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына шығара аласыздар" деп, жас­тарды қолдау мақсатында атқарушы билікке жаңа міндеттер жүктеді.
– Жастар жылы жарқын жетістіктер жылы болғалы тұр. Қолдау мен мүмкіндіктердің көбеюі үлкен жобаларға тәуекел етуге жол ашады. Бүгінгі жастар жылының салтанатты ашылуына жастарға барынша қолдау көрсетілетіні, оларды баспанамен қамту, ауыл шаруашылығына икемдеу, бизнеске баулу секілді мәселелер де назарға алынды. Бұл бізге деген мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен қолдау деп түсінеміз. Жалпы, Елбасы Жастар жылын жариялау арқылы оларға үлкен сенім артып отыр. Біз, осындай үлкен сенімнен шыға білуіміз керек. – дейді "Жас Отан" ЖҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Нарбота Серәлі.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

28 қаңтар 2019 ж. 703 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930