» » Белсенді өмір сүруге бағытталған орталық

Белсенді өмір сүруге бағытталған орталық

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында белсенді ұзақ өмір сүруге бағытталған орталық ашылды, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Орталық аймақтағы «Достық үйінің» жанынан ашылды. Бұл партияның Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес қолға алынып отырған игі шаралардың бірі.
Орталықтың негізгі мақсаты қазыналы қарттарымыздың тұрмыстық жағ­дай­ларын жақсартуға, әлеуметтік бел­сен­ділігін да­мытуға, бос уақыттарын қызы­ғушы­лық­та­ры­на қарай тиімді өткізуге сондай-ақ, олар­ды қоғамдық өмірге тарту арқылы қарым-қатынас жасау үшін қосымша жағдайлар жасауды көздейді.
Ардагерлер қауымын құттықтаған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев орталық жұмысының қазіргі қоғамда «белсенді қарттықтың моделін» қа­лыптастырудағы рөліне тоқталып, арда­гер­лер­ді қолдауға бағытталған жұмыс­тарды атап өтті.
«Орталықта ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында ардагерлеріміздің жи­наған өмірлік және кәсіби тәжірибелерін сақтау мен қолдану мақсатында ментор­лар клубы да жұмыс жасайтын болады. Орталық жұмысынан бөлек біз зейнет жа­сын­дағы азаматтардың бос уақыттарын сау­ықтыру шараларымен өткізуіне жағдай жасау мақсатында облыс орталығындағы «Евразия», «Сейхун» спорттық сауықтыру кешендерімен және Жалаңтөс Бахадүр атын­дағы №1 облыстық мамандандырылған олим­пиадалық резерв мектебімен келі­сімдер жасадық. Енді зейнеткерлеріміз «Арда­гер­лер­ді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аталған орындарда тегін және тұрақты түрде спортпен айналысуына болады», – деді Ибадулла Құттықожаев.

12 ақпан 2019 ж. 1 327 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930