» » СҰЛУЛАР САЙЫСҚА ТҮСКЕН КҮН

СҰЛУЛАР САЙЫСҚА ТҮСКЕН КҮН


Қазақтың қызы дегенде көз алдыңызға ибалылық пен имандылықтың, сыпайылық пен салмақтылықтың, ақылдылық пен әдеміліктің барлығы өн бойынан табылатын аяулы жан елестейді.
Қыз баласына төрден орын берген қазақ халқы оның тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлген. Оған аса көңіл бөліп, қыз – жағадағы құндыз десе, екінші жағынан қырық үйден тыйым салып, ары мен намысын қорғаған. Қыз баласын құрметтеп, оң жақтан орын берген ұлтымыздың бұл дәстүрі бүгінгі күні де мәнін жоғалтқан жоқ. Қай заманда, кезеңде болмасын, қыз бала – қонақ, бүгінгі қыз – ертеңгі аяу­­­­лы жар, ардақты ана.
Жақында бар асыл қасиетті бойына жиған, ақылына көркі сай ауданымыздың арулары білімі мен өнерлерін ортаға салды. Аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Жалағаш аруы – 2019» сұлулар байқауы ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов «Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі, алар орны ерекше. Өйткені, талбесікті тербеткен аналар ұлт ұрпағын тәрбиелейді», – деп қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа 6 ару қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Байқау барысында сұлулар шырқаған жан тебірентерлік әсем ән де, бойыңды елітіп әкететін мың бұралған би де, сахналық қойылым да көрсетілді. Сондай-ақ, сайыс кезеңдеріне сәйкес, сахна төрінде салт-дәстүрлер қайта жаңғырды, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары да жасалды, өз өнерлерін ортаға салған арулар сұлулық сырын да көрерменнің назарына ұсынды.
Сұлулар байқауының қорытындысы бойынша жалағаштық Аружан Қоңыратбай «Жалағаш аруы – 2019» атағын иеленді. Байқау жеңімпазы «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының арнайы дайындаған ауыспалы тәжімен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлық­тармен марапатталды. Сондай-ақ, жүлделі І орынды жалағаштық Гүлжайна Ақтау, ІІ орынды Айтолқын Ермағанбет, ІІІ орынды Ақбота Қабылбек иеленді. Ал, қаракеткендік Мөлдір Қилановаға «Сымбатты ару», Еңбек ауылының тумасы Айсұлу Айтбайға «Инабатты ару», Аружан Қоңыратбайға «Көрермен көзайымы», Гүлжайна Ақтауға «Өнерлі ару» аталымы және демеушілердің арнайы сыйлықтары табысталды.
Айта кетейік, сайыс жеңімпазы «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының арнайы дайын­даған ауыспалы тәжін өзінде 1 жыл сақтап, келесі жылдың аруына табыстайтын болады.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.


27 наурыз 2019 ж. 703 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930