» » 30 МЛРД ТЕҢГЕ – БІР ЖЫЛДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР ҚҰНЫ

30 МЛРД ТЕҢГЕ – БІР ЖЫЛДА ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР ҚҰНЫ

Облыс әкімі ауданға сапарында Жалағаш кентінің орталығы қарапайым ауылдың жағдайында қалғанын айтып, атқарылар жұмыстардың ауқымдылығын тілге тиек еткен еді. Аймақ басшысының бұл сөзін біз де жоққа шығара алмаймыз. Расында, кентті көркейту жұмыстарына келсек, соңғы жылдары ақсап жатқан тұсымыз көп. Бұл мәселе аудан әкімін де бей-жай қалдырған емес. Әрбір жиында, келелі басқосулар мен мәжілістерде кенттің ажарын айшықтау мақсатындағы шаруаларды күн тәртібінен түсірген емес. Ниет болса іс сәтімен дей ме, өткен жылдан бері ауданда игі бастамалардың нышаны байқалды. Бұл жұмыстар Биыл да жалғасын табатын болады. Қыруар қаржымен ауданда жүзеге асатын жұмыстар жайын аудан әкімі ардагерлермен кездесу барысында мәлімдеді.
Биыл ауданда 30 млрд теңгеден астам қаржымен түрлі жобалар жүзеге асып, бірнеше әлеуметтік нысан бой көтереді. Олардың ішінде құны 12 млрд теңгені құрайтын күн электр станциясы жобасы да бар. Қазіргі таңда жарқын жобаның құрылыс жұмыстары басталып кетті. Ірі кәсіпорын 15 жергілікті азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бұйыртса, қазан айына дейін жобаның құрылыс жұ­мыс­­тарын аяқтау жоспарда бар.
Мұнан бөлек суландыру жүйелерін қалыпқа келтіру жұ­мыстары да біздің өңірде қарқын алмақ. Қазіргі таңда Су ресурстары комитеті Жалағаш ауданында суландыру жүйелерін қалыпқа келтіру жұмыстарына қатысты тендер жариялауда. Мердігер анықталған бойда тиісті жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.
Бұрын ауданда мия зауыты жұмысын бастаған еді. Бірақ, жобаның болашағы жарқын бол­мады. Дегенмен, қазіргі таң­­да кәсіпорын бос тұрған жоқ. Бүгінде онда түрлі тағам дәм­деуіштері әзірлеу қолға алы­нуда. Ал, бюджет есебінен жүретін жұмыстарға келсек, биыл ауданда орталық аурухана ғимаратының іргетасы қа­ла­нады. Жалпы, құны 1 млрд теңгеден асатын құрылыс жұ­мысына биыл 500 млн теңге бөлініп те қойды. Ғимарат құрылысы басталысымен қал­ған қаржаты да қаралады деп күтілуде. Жалпы облыс аудан­дарындағы орталық аурухана ғимаратын жаңалау кезең-кезеңімен жүзеге асса, биыл бұл үрдіс біздің өңірде жалғасын тауып отыр.
Өткен жылы аудан орталы­ғын­дағы 3 көшеге 200 млн тең­геден астам қаражатқа асфальт төсеу жұмыстары жүрген еді. Игі бастама биыл да жалғасын таппақ. Осы жылы Бұқарбай батыр, Нысанбай жырау мен Абай көшелеріндегі асфальт төсеу жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы, құны 700 млн теңгеден асатын жөндеу жұ­мыстарының қалған 500 млн теңгесі де бөлініп қойды.
Жалпы, Жалағаштан шыққан перзенттің қай-қайсысы да туған жерге тағзым етуді жадынан шы­ғар­майды. Кеше ғана аудан әкімінен биылғы атқарылатын шаруаларды естіп қуанып қа­лып едік. Ол кісі бізбен тағы бір жағымды жаңалығымен бөлісті. Атырау облысында мұ­най ком­панияларының бірінде жұ­мыс жасайтын бір азамат (негізі шыққан жері осы Жалағаш екен) аудан орталығынан бір спорт кешенін салып беруді қолға алмақ ниетте екен. Қазіргі таңда жаңа нысан бой көтеретін жер де белгіленді. Бұйыртса, құрылыс жұ­мыстары қарқын алатын күн де алыс емес.
Тізе берсек, кент орта­лы­ғында жүзеге асатын жарқын жоба­лардың тізімі көп. Бұл тек биылғы, яғни, бір жылда қолға алынған шаруа. Кент тұрғын­дарын көгілдір отынмен қам­тама­сыз ету жұмыстары да биыл қар­қын алады деп күтілуде.

Ерлан СОЗАҚБАЙ.

16 сәуір 2019 ж. 605 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930