» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «АҚТЕРЕК» ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «АҚТЕРЕК» ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ



Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова Жалағаш ауданында болып, оқушылардың жазғы тынығу маусымының ұйымдастырылу барысымен танысты.
Руслан Рүстемов оқушылардың тынығу маусымын сапалы үйлестіру үшін барлық қолдаулар мен көмектер жасалғанын, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленіп, атқарылуы тиіс жұмыстар нақтыланғанын атап өтті.
Сонымен бірге, тынығушы балалардың ас ішетін, демалатын, ойнайтын және іс-шаралар өткізетін орындарымен танысты. Өз кезегінде аудан басшысы Қайратбек Сәрсенбаев жазғы тынығу маусымын ұйымдастыру бағытында есепті мерзімде атқарылған жұмыстар жөнінде мағлұмат берді.
Тынығу лагерінің материалдық-техникалық базасымен танысқан облыс әкімінің орынбасары сала мамандарына бірқатар тапсырмалар берді. Оқушылар үшін жайлы демалысты қалыптастыру ортақ міндет екенін жеткізді.
Айта кету керек, былтырғы жазғы маусымда «Ақтерек» лагерінде 5 ауысымда 402 оқушы қамтылса, биылғы жылы 6 ауысымда 482 бала қамтылады.
Сондай-ақ, ауданымызда оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылы 1-10 сынып аралығындағы 6349 баланың жазғы демалыспен, саяхатпен 5392-і, яғни 84,9% қамтылады деп жоспарлануда.
Аудан бойынша мектеп оқушыларының жазғы маусымдағы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
21 маусым 2019 ж. 752 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930