» » » Қызылорда облысы бас санитарының қаулысы

Қызылорда облысы бас санитарының қаулысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗІДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 30 НАУРЫЗДАҒЫ №4
ҚАУЛЫСЫНАН ҮЗІНДІ

Облыс тұрғындары арасында
қауіпсіздік шараларын
қамтамасыз ету туралы

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) нақтыланған 2 жағдайы тіркелуіне байланысты Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1-бабы, 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, облыста инфекцияның әрі қарай таралып кетуінің алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2) Қызылорда қаласының автовокзалы мен бей-берекетсіз ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық авто­бус­тар, микроавтобустар, таксилер т.б. автокөліктермен жолау­шы­лар тасымалдау жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 00.00 сағат 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатуды;
3) Облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары арнайы ескертпеге дейін 00.00. сағат 30.03.2020 жылдан бастап тоқтатылсын;
4) Мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары жә­не үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлт­тардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шаралар жұмыстары ар­найы ескертпеге дейін 00.00. сағат 30.03.2020 жылдан бастап тоқта­тылсын.
5) Санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте оты­рып, супермаркеттер мен азық-түлік базарлары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, азық-түлік минимаркеттер, дүкендер сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандар (сұлулық салондар, ательелер, химиялық тазартқыштар, автомобиль майларын ауыстыру, вулканизация, көлік жуу бойынша қызмет көрсету орындары, ломбарттар) сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сонымен қатар автокөлік және оның бөлшектерін, тұрмыстық-техника, сантехника сататын дүкендер, құрылыс базарлары т.б. азық-түлік емес заттар сататын оырндардың жұмыстары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге шектеу қоюды;


Қызылорда облысы
Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері А.Абдикаимова
30 наурыз 2020 ж. 1 216 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 681

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031