» » » «Біз үндемей қызымызды өсіре берейік деп ойлағанбыз»: Жанболат пен Жазира сәбилерін жасырып жүре беруден ұялған

«Біз үндемей қызымызды өсіре берейік деп ойлағанбыз»: Жанболат пен Жазира сәбилерін жасырып жүре беруден ұялған

Жанболат Жазира

Өткен жылы сәбилі болған Жанболат пен Жазира жақсы жаңалықтарын халықтан ары қарай да жасырып жүре бермекші болған. Алайда, үндемей жүре беруден өздеріне тілек білдіруші жандардан ұялыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің әкеміз Жанболат қаламады. «Кішкене ет алсын, өссін. Халық кейін біле жатар» деді. Бірақ біз ешкімнен жасырған жоқпыз. Туған-туысқан, айналадағы дос-жарандар білді. Тек әлеуметтік желі мен халыққа жарияламағанымыз болмаса, негізі жасырған жоқпыз. Біз үндемей қызымызды өсіре берейік деп ойлағанбыз. Бірақ біз үшін дұға жасап жатқан тілекшілеріміз бар. «Айтпасақ ренжитін шығар» деп сол кісілерден ұялдық. Бізді халыққа бұлай әсер етеді деп ойламаппыз. Тілекшілеріміз ылғи жақсы тілектер жазып жатады. Ол кісілерге рахмет», – дейді Жазира. 
Биыл отасқандарына 23 жыл толған олар бұл күнді атап өтпейтіндерін айтады. Ерекше бір-біріне сылық беру де жоқ екен.
«Біз халықтың ортасында жүреміз. Көп кісілердің құттықтау тілектерін алып жатамыз. Біз өзіміз күнде мерекенің ортасында жүреміз. Сол себептен атап өтпейміз», – дейді Жазира.

stan.kz

05 қаңтар 2020 ж. 567 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930