Егемен ел

Егемен ел

Тәуелсіздік арай шашты бар маңға,
Азаттықты қуандық біз алғанда.
Ұл-қыздары тәрбиелі рухты,
Қазақ деген халықпыз ғой жалғанда.

Азаттықты қаншама жыл аңсаған,
Сол үшінде жанын берді қанша адам.
Бейбіт елміз қазақ деген бүгінде,
Болашаққа нық басылды қадам.

“Қара дауыл” соққан кезде арқадан,
Дала кезді жетім бала, қарт анаң.
Тоқсан бірде егеменді ел болып,
Ойып тұрып орын алдық картадан.

Өткен күндер қалып қойды әріде,
Жақсарды ғой қазағымның халі де.
Тәуелсізбіз, шүкір дейміз, еркінбіз,
Қиындықтың артта қалды бәрі де.

Тамсандырдық бар әлемді таң қылып,
Тарихымды айтып жүрем ән қылып.
Көкбөрінің ұрпағымыз, қазақпыз,
Көк туымыз желбіресін мәңгілік.

Дидар ӨМІРЗАҚ,
№201 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.
17 желтоқсан 2019 ж. 400 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 667

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30