» » » Тәуелсіздікке арнау!

Тәуелсіздікке арнау!

Тәуелсіздікке арнау!

Шарпыса да маңайын қара тұман,
Болған жоқ, әлсіздердің санатынан
Себебі Қазақ деген қайсар елміз,
Табиғаты ерекше жаратылған...
Қазақстаным айбарым, желбіре көк байрағым,
Мәңгілік ел жайында меніңде бар айтарым.
Басталған тарих сол күннен,
550 жыл бұрын хан Керейді сайладың.
Қасарысып жауың тұрсада, дініңді жатқа бұрса да,
Хақ-тағала жолынан, ешуақытта таймадың.
Терезесі тең болса, ерегіскен ер болса,
Бейбітшілік жолында, бұзылмады байлығын.
Көшбасшыңды көшірсе, орыстың шенін өсірсе,
Қарсы тұрды талай жас, Сәбира, Ләззат, Қайратың.
Мерейлі, жайсаң елдерің, жеңіспен алған жерлерің,
Ізіңнен қалған ұрпаққа, тигізіп жатыр пайдасын.
Он сегіз миллион халқыңмен, әлемде алар даңқыңмен,
Әнұран мен Елтаңба, бар бүгін әсем байрағың.
Қарамай бұрын өткенге,
Тәуелсіздікке жеткенде,
Таңданып талай халықтар,
қазақтың білді айбарын.
Тиянақты әрбір ісіңді, танытып алып күшіңді,

***

Қара өлеңімен қазақтың, ұрпаққа өнеге айтамын.
Еске алғым келмейді өткеніңді,
Жасаған әрбір ісің көпке үлгі.
Жүз жылда да қайталай алмас ешкім,
Жиырма сегіз жылда сенің жеткеніңді.
Ұлы дала жерінде ту көтеріп,
Ұлағаттылар төкпеген текке терді.
Ұрпағымыз Абай сынды ұлылардың,
Аталарым еңбегің ескерілді.
Жиырма сегіз жыл толды,
Көк байрақты көтеріп, мақтаныш сезім кернеді.
Жиырма сегіз жыл толды,
Елбасымыз сайланып, тұғырлы таққа келгелі,
Жиырма сегіз жыл толды.
Сан-мыңдаған мәселе, шешімін тауып елдегі,
Жиырма сегіз жыл толды.
Жігері биік жастардың, уайымсыз өтті ертеңі,
Жиырма сегіз жыл бұрын
Болған еді бүгінгі күн – ертегі.
Мұның бәрі бір Алла мен қазақтың
Елім деген ерлерінің еңбегі.

***

Серпілсе сезім оты жүректегі,
Күш қайратың таусылмасын білектегі.
Шабыт алып, бақытқа бөленемін,
Қазақстан жайында жыр еткелі.
Дастарханы жайқалып қазағымның,
Таусылмасын қазы-қарта сүр еттері.
Елімізге пайдасын әкелсінші,
Кез-келген мамандықтың түлектері.
Ғұмырың ұзақ болсын Қазақ елі,
Қабыл болсын балаңның тілектері...

Сәтбай СЕРӘЛІҰЛЫ

17 желтоқсан 2019 ж. 586 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 667

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30