ӨНЕРЛІЛЕР САЙЫСЫНДА КІЛ МЫҚТЫЛАР ТОП ЖАРДЫ
Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ауданда түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Жастарға рухани азық берер мұндай шаралардың көптеп қолға алынғаны дұрыс. Осыған дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудандық кітпахананың және Жалағаш индустриялды аргарлық колледжінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған кештерде қатысушылар ақын шығармаларын жатқа және мәнерлеп оқудан бақ сынаған болатын. Ал оқушылар үйіндегі Абай атамыздың мерейтойына арналған шарада оқушылар өз өнерлерін паш етті.
"Абай әлеміне саяхат" ителлектуалды сайысында Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі оқушыларынан құралған "Жүргенов жүйріктері" тобы бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ басқа да қатысушылар арнайы алғыс хаттарға ие болды.