» » » «Жалағаш төбе» аталып кеткен Моншақты қалашығы

«Жалағаш төбе» аталып кеткен Моншақты қалашығы

Моншақты асар қалашығы (Жалаңаштөбе)Киелі Жалағаш топырағында ежелгі қалашықтар мен мәдени-ескерткіштер көптеп кездеседі. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін бұл киелі жерлердің қатарында «Жалағаш төбе» аталып кеткен Моншақты қалашығы да бар.
Моншақты қалашығы Жалағаш кентінің оңтүстік-шығысқа қарай 8,5 км жерде, Ақсу ауылдық округі аумағында орналасқан. Бұл жер жергілікті тұрғындарға «Жалағаш төбе» деген атаумен белгілі.
Тарихшылардың сөзінше, қалалық Қаңлы дәуіріндегі қаланың орны. Бұл қаланы Сырдария өзенінің бір арнасы – Қуандария бойындағы Жетіасар қалаларының шығыстағы сілемі десе де болады. Өкінішке орай, қаланың нақты атауы мен тарихы әзірге белгісіз.
Қалашықтың казіргі пішіні екі қабатты төбеден тұрады. Жоғарғы қабаттың өлшемі – 34 метр болса, биіктігі 9-10 метр. Ал, төменгі қабатының өлшемі – 55х50, биіктігі 6-7 метрге жуықтайды.
Қалашықты 2006 жылы Ж.Құрман­құлов басқарған ШРАЭ (Шірік-Рабат археологиялық экспеди­циясы) зерттеп, географиялық координаттарын анық­таған екен. Алайда, қазба жұмыс­тары жүргізілмепті.

Нұрсұлтан АЛПЫСБАЙҰЛЫ
27 маусым 2020 ж. 564 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031