» » » ҰЛТ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ҰЛТ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сол жылдардан бері елімізде латын әліпбиіне көшуде бірқатар жұмыс атқарылып отыр.
Жалпы бүгінгі заманда халықаралық дәрежедегі тілдің бірі – ағылшын тілі де латын әліпбиі негізінде екені белгілі. Біріншіден, латын әліпбиін таңдай отырып, біз адамзаттың ең үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндік аламыз. Жаңа технологиялар, инновацияларды тез игеруге болатыны сөзсіз. Өскелең ұрпақ латын әліпбиін меңгерсе, өзге тілдерді тез уақыттың ішінде үйренуіне жол ашылады. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу өткенімізді қайтарумен тең. Қазақ тіліндегі сөздердің табиғи қалпында айтылуына кезінде кирилл жазуына көшуіміз кедергі болды. Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастаған. Өйткені қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген замандағы күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, баяуламайды. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, осындай келеңсіздіктердің алдын алуға біршама көмегін тигізеді. Сондықтан тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыруға мүмкіндік туды. Ғалымдар айтқандай, алдымен латын әліпбиіне көшу мәселесінің оңы мен солын саралап, елеп-екшеп, нақты бір шешім қабылдау қажет. Бұл да болса болашақ үшін, ұлт үшін жасалған маңызды қадамның бірі екенін айта кеткен абзал.
Мәдениет ауылы тұрғындары да латын әліпбиіне көшуге бірауыздан қолдау жасап, атсалысып келеді. Ауылдық І.Қабылов атындағы №32 мектеп-лицейінде жүйелі жұмыс атқарылып, ұстаздар қауымы ауыл тұрғындарының латын әліпбиіне көшуіне көмек қолдарын созып, арнайы іс-шаралар, оқу курстарын өткізіп келеді.

Нұрлан Қостанбаев,
Мәдениет ауылдық округі әкімінің
бас маманы

18 тамыз 2020 ж. 448 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930