» » » ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БАСТАЙДЫ

Бүгінгі заманда халықаралық дәрежедегі ағылшын тілі де латын әліпбиі негізінде екені белгілі. Біріншіден, латын әліпбиін таңдай отырып, біз адамзаттың ең үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндік аламыз. Жаңа әліпби арқылы жаңа технологиялар, инновацияларды тез игеруге болады. Өскелең ұрпақ латын әліпбиін меңгерсе, өзге тілдерді де аз уақыттың ішінде үйренуіне жол ашылады. Екіншіден, латын әліпбиіне көшу өткенімізді қайтарумен тең. Қазақ тіліндегі сөздердің табиғи қалпында айтылуына кезінде кирилл жазуына көшуіміз кедергі болды. Қазіргі кезде тілімізде өзге тіл сөздері көп болғаны бір басқа, ата-баба дәстүрімен жеткен табиғи дыбыстау әуеніміз де өзгере бастаған.
Тілдің қоғаммен бірге дамып, ғылым мен техника дамыған сайын көршілес елдерден және басқа да шет елдерден жаңа сөздер кіруі арқылы да толығып отыратыны табиғи заңдылық. Қазіргідей басқа елдермен арада барыс-келіс жиілеген заманда күнделікті тіршілікте өзге тіл сөздерінің енуі де, әсері де күшейе түспесе, баяуламайды. Ал латын әліпбиі бұл қиындықты өзі реттеп, осындай қиындықтардың алдын алу­ға біршама көмегін тигізеді. Сондықтан ті­ліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедіргі келтіретін ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмас­тыруға мүмкіндік туды.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылды. Осы орайда, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары өз көзқарастарын біл­дірді. Көбісі, қос таңбамен жасалатын диграф­ты қолайсыз көріп, оның орнына ноқаттарды пайдалансақ десе, енді бірі ком­пьютер құрылғысының клавиатурасында ноқаттардың жоқтығы қиындық туғызуы мүм­кіндігін алға тартуда.
Тарихқа көз жүгіртсек, біз осы уақытқа дейін 3 әліпби ауыстырыппыз. Сол кезеңде бүгінгідей газет-журнал, компьютер, тың тех­нология деген болған жоқ. Осыған қарамастан, халық басына түскен барлық қиындықты еңсере білді. Тіпті, айшылық алыс жерлерге атпен барып, сауатын ашып жүргендер болды. Ал, бүгінде барлық қиындық артта қалды. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғы­лым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балалар ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ секілді. Бұл қадамның ел келешегі үшін маңызы жоғары.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ.
31 шілде 2018 ж. 1 477 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930