Қарымды қаламгер
Қазақстанның «Құрметті журналисі», ҚР Мәдениет саласының үздігі, Сырдария және Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Ахат Жанаевтың есімі қазақ журналистикасында, оның ішінде қазақ радиосының тарихында алтын әріппен жазулы. Алып таулар алыстаған сайын биіктей түсетіні тәрізді, өнегелі ғұмырымен кейінгіге үлгі болған қарымды қаламгердің өзі өмірден өтсе де, тарихи туындылары кейінгі ұрпаққа құнды мұра болып қалды.
“Қазақ радиосының үздігі”, шежіреші, қаламгер, төртінші биліктің тарланы атанған Ахат ағамыздың арамыздан кеткеніне де 1 жыл өте шығыпты. Ақсақал өзінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында балалықтан даналыққа дейінгі ғұмырын былай суреттеп берген еді.
Ағамыздың әкесі Әбжаппар Жанаев 1937 жылы ірі өндіріс орнын басқарып тұрған кезінде “Халық жауы” деген жаламен тұтқындалып, “Волголаг” лагеріндегі адам айтқысыз азабынан небары 39 жасында қайтыс болса, анасы Айткүл Кәрібайқызы да қуғын-сүргін салдарынан 40 жасқа жетпей өмірден өтеді. Әкесі қамауға алынған кезде Ахат ақсақал 3 жаста екен. Оның балдәурен балалық шағы 1941-1945 жылдардағы соғыс өртіне тұстас келіп, өмірдің тауқыметін тартып өсті. Ата-анасынан ерте айырылған ол нағашы әжесінің тәрбиесінде болып, 1942 жылы Жалағашқа қарасты «Тобыр» қыстағындағы 7 жылдық мектепте 1 сыныпқа қабылданды. Кейін аудан орталығындағы мектепке ауысып, бар күшін, ынта-ықыласын оқуға салды, өзге оқушыларға үлгі болды. Осылайша әке атына сөз келтірмеуді басты мақсат тұтты.
Бесінші сыныпта оқып жүрген кезінде республикалық «Қазақстан пионері» газетіне алғашқы шағын мақаласын жолдайды. Мектептің, кейін Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының қабырға газеттерінің белсенді авторларының бірі атанды. Педагогикалық институтта Сағи Жиенбаев, Қанапия Дәрібаев, ағасы Нұрхан Жанаев, тағы басқа өлеңге, әдебиетке жаны құмар жастар оқыпты. Олардың көбі кейін елімізге, тіпті бұрынғы Кеңес одағына белгілі ақын, жазушы болды. Айталық, Сағи Жиенбаев 30-дан астам жыр жинақтарын шығарды. «Жазушы» баспасында өмір бойы поэзия редакциясын басқарды. Қанапия Дәрібаев та өлеңдері мен дастандары елге белгілі ақын, артына ондаған құнды жыр жинақ қалдырды. Нұрхан Жанаев болса, жасөспірімге оншақты кітап жазып, балалар ақыны атанды.
Бірінші курстың студенттері танымал ақын-жазушылар Қуаныш Баймағамбетов, Асқар Тоқмағамбетов, Әбдікәрім Оңалбаев, Саит Баязитов, тағы басқалармен жиі кездесіп жүріп, институтты бітіргеннен соң Ахат Жанаев Тереңөзек кентіндегі Калинин атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасты. Ұстаздық мамандығымен қатар жазу-сызуын да тастамады. Оның очерктері, суреттеме-әңгімелері облыстық, аудандық газеттерге үздіксіз шығып жатты.
Кейін Қазақ радиосы мен теледидарында тәжірибеден өтіп жүреді. Әр жаңалыққа арнап сюжет түсіріп, бағдарлама жасауға қатысып, көлемді хабарлар дайындайды. Ұстаздық қызметтен кейін бірнеше облыстық басылым және телеарнада қызмет етті. Одан кейінгі жылдары Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі қызметіне бекітілді. Қалыптасқан тәртіп бойынша бұл қызметке әдетте жарты жыл немесе үш ай тәжірибеден өткен қызметкер ғана қабылданатын. Ал Ахат ағамыздың партия мектебінде оқып жүргенде өткен тәжірибесі есепке алынды.
– 1961 жылы облыстық радиоға редактор болып орналастым. Радио тілшісі болу деген оңай қызмет емес. Салмағы пәлен келі репортерді иығымызға іліп алып, жаяу кетеміз. Жалпы журналистика қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық қой. Бұл мамандыққа кез келген адам шыдас бермейді. Ал мен осы мамандықты шын жүрегіммен қаладым, сондықтан оның қиындығына төтеп бердім. Радио журналист деген газет тілшісінен қарағанда әлдеқайда күрделі. Өйткені сен музыкамен, техникамен жұмыс істейсің. Әрі тілші, әрі операторсың және режиссер де өзің. Радиода осының бәрін білу керексің. Радио цифрды жақтырмайды. Газетті оқып отырсаң, толған цифр. Радиода салыстырмалы жағдайда, яғни былтырғыны осы уақытпен салыстырғанда екі есе, немесе үш есе немесе пәлен пайызға өсті немесе кеміді деген сияқты жазасың. Хабар сезімге құрылып, жылы жазылу керек. Журналистік сала – уақытпен санаспайтын жұмыс. Сосын адамның жүрегіне жол таба білу керек. Кез келген адамға микрофон апарсаң, ол сасып қалады да сөз шықпайды. Әуелі кейіпкердің жүрегінен орын тауып, жылы сөйлесу керек. Дала академигі атанған ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев сөздің емес, істің адамы еді. Ол кісі маған «Айтатын сөзімді білесің ғой, жаза бер» дейтін. Сол Ыбырай Жақаевты кәдімгі шешен еттік қой. Сол сияқты адамның жүрегінен кілт таба білу керек, аша білу керек. Жоғарғы партия мектебін «Радио» бөлімінен бітірдім. Практиканы Мәскеуден өттік. Бір көруге зар болатын аты аңызға айналған кісілерден бата алдық, дәріс алдық, лекциясын тыңдадық, – деді қаламгер ағамыз бізбен әңгімесінде.
Ахат Жанаев бірнеше рет Қызылорда қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның Қазақ радиосының эфирінен таратылған хабарларынан басқа «Арысы едің Алаштың», «Өтелген парыз», «Беркінбай әулие: аңыз бен ақиқат», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», «Бұқарбай батыр», «Арманда өткен арысым», «Қазақ қайдан тараған?» атты кітаптарын оқырман жылы қабылдады.
Ахат әкеміз белгілі де білікті қаламгер ғана емес, ол сондай-ақ берекесі мен бірлігі жарасқан үлкен отбасының тірегі, адал жар, қамқор да мейірбан әке, немере-шөберелерінің сүйікті атасы болды. Жары Ұлбосын Әбдікәрімқызы екеуі бес бала тәрбиелеп өсіріп, ұл-қыздарына тәлім берген бақытты әке. Алланың берген 13 немере-шөбересінің сүйікті де, ақылман атасы, елдің ағасы бола білді.
Сексен алты жасында мәңгілік сапарға аттанған ақсақалдың жағымды үні, дара дауысы, журналистика саласындағы мол тәжірибесі мен тағылымға толы еңбек жолы тек сырбойылықтардың ғана емес, қазақ елінің есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

Н.ҚАЗБЕКОВ