» » » Қалдырған ізің мәңгілік

Қалдырған ізің мәңгілік

Ұстаз деген ұлық бейне. Адамзат баласының жүрегінде өшпес із қалдырып, білім шұғыласын бойыңа сіңірген жанға өмір бойы бас иіп, сол бір аяулы жанды құрметтеп өтуді өзіңе парыз санайсың. Ал ана сүтімен бойыңа дарыған туған тіліңнің құдіретін санаңа сіңіріп қана қоймай, қазақы салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтардың қасиетін қастерлеуді ұқтырса, маржан сөзден мұнара тұрғызуды үйретсе, ондай тұлғаға әр шәкіртінің алғысы шексіз болары сөзсіз.

Ал Темірбек Жүргенов ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұзақ жылдар дәріс берген Күләш Сма­ғұ­лова болса “ұстаз” деген ұлы есімнің қандай екенін елге мойындатқан осындай ерекше тұлға болатын.

Күләш Ысқаққызы Смағұлова Темірбек Жүргенов ауылының қарт тұрғыны, бір әулеттің салиқалы да, сабырлы алып бәйтерегі, ел анасы, жалпақ жұртқа сыйлы, абыройлы жан болатын. Ол 1936 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қаладағы педагогикалық училищені, Н.В.Гоголь атындағы пе­да­гогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1957 жылы оқу орнын тәмамдаған соң №117 орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызметке келеді. Жас ұстаз өзінің біліктілігімен тәжірибесін шыңдап, шеберлік қырынан таныла бастайды. Қаншама марапат, құрмет, алғыс еңбекқор жанды өзі келіп тауып жатты. Білім саласының үздігі атағын алғанда да «Болдым, толдым» деп тоқырап қалмады.

Осылайша, жылдар жемісін беріп, ұстаздан тәлім алған шәкірттер үздіктер қатарынан көрініп, білім ұясының абыройын асқақтатып, ұстаздың да мерейін көтере берді. Ешқашан асып-таспайтын сабырлы қалпынан ауытқымайтын Күләш апайдың тағылым мектебінен өтіп, талай шәкірт шыңдалды.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өл­мей­­ді» деген тағылымды сөз бар қазақта. Ол кісі өмір­­ден өткенмен, есімін мәңгі есте қалдыру үшін ұс­таз­дың атына өзі қызмет жасаған №117 орта мек­тептен кабинет ашылды. Осы күні білім ордасында «Қалдырған ізің мәңгілік..» тақырыбында салтанатты шара өтті.

Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов қатысып, белгілі ұстаз жайлы естеліктер айтты. Ұрпақтары атынан ұстаздың ұлы Асқар Садықов сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Кабинетті жасақтауға 1975 жылы осы ауылда дүниеге келген Күләш апайдың шәкірттері атсалысты.

Мұнан бұрын аудандық мұғалімдер арасында Күләш Смағұлованы еске алуға арналған олимпиада өткізілген болатын. Тағылымды шара басында олимпиада қорытындысымен оза шапқан жеңімпаз ұстаздарға марапат жасалды.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

08 қараша 2021 ж. 411 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930