» » » ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА ҚАДАМЫ

Елбасы «Президенттің 5 әлеуметтік бас­­тамасы» атты Үндеуінде: «Біз әлеу­меттік жаңғыру жолында жаңа ау­қымды қадам жасауға дайынбыз. Бұл елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар оп­ти­мистік жоба» деп атап көрсетті. Шынымен де, бұл жоба таяу жылдары еліміздің әрбір отбасының баспана алуына, жаңа мүмкіндіктер береді. Жалақысы төмен жұ­мысшылардың еңбек ақысын көбейту үшін олардың салық жүйесі азайтылады. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайы жақсарады. Ша­ғын несие көлемі көбейеді. Сондай-ақ, елді газбен қамтамасыз ету жұмысы жал­ғасады. Халықтың көңілінен шыққан бұл бағдарлама жұртшылықтың ертеңгі күнге деген сенімін арттырып, алдарында тұрған тіршілік мақсаттарын жүзеге асыруға ынталандыра түсуде.
Үндеудің үшінші бастамасында ай­тылған «Жоғары білім алудың қол­жетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» деген тарауы, ұзақ жылдар бойы аудан орталығындағы бұрынғы кәсіптік-техникалық училищенің директоры болған менің көңілімнен шықты. Алпыс жыл бойы аграрлық ауданның ауыл шаруашылығына орта біліммен қоса кең көлемдегі механизатор, жүргізуші, электр дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, аспазшы, фермер мамандарын дайындалды. Кезінде облыстағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының алдыңғы қатарында болып жастарға кәсіптік-техникалық білім берумен қатар, оқу шаруашылығы мен түрлі кәсіпкерлікпен айналысқан оқу орны кешегі өтпелі кезеңде жарты миллионға жуық таза пайда тауып, өзінің оқу- материалдық базасын нығайтып отырғаны еріксіз есіме түседі. Оқу орнының базасындағы 150 орындық жатақхана кезінде күрделі жөндеуден өтіп, жылу жүйесіне қосылып, барлық тұрмыстық жағдай жасалып, оқушылардың екінші үйіне айналғанын аудан жұртшылығы жақсы біледі.
Кешегі өтпелі кезеңнің оңтайландыру кезеңінде училищенің жатақхана үйге, мәдени тұрмыстық кешен кәсіпкерлерге беріліп кетті. Оның қиындығын бүгінгі күні оқу орны көріп отыр. Дене шынықтыру сабағы, спорт жаттығулары өтетін мәдени шаралар жүргізілетін акт, спорт залдары жоқ. Президент өз сөзінде «Қазақстан Республикасы Парламентінің қабырғасынан жаңа әлеуметтік бастамалар көрсетіп, халқыма Үндеу жариялағалы отырмын. Бұл қадам талайдан бері менің кеулімде жүр. Міне, сол күн де туды» деген болатын. Сондықтан да Елбасының «Бес әлеуметтік бағдарламасын басшылыққа алып, кең көлемдегі кәсіптікбағдар беру – уақыт талабы.

Рысбай КӘРІМОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жалағаш ауданының құрметті азаматы.
07 сәуір 2018 ж. 1 005 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930